Менің әкем,менің анам

Менің әкем мен анам өте тамаша жандар. Өйткені әкем асқар тауым,алынбас  берік қамалым, қорғаным,айбыным. Ал анам менің қолдаушым,ардақтым,ақылшым,сырласым. Алыста жүрсем де оларды ойлап,аман-есен жүрсе екен деп тілеймін. Әрбір ата-ана ұл-қыздарының жақсылықтарын көрсем екен деп,қайда жүрсе де амандығын тілеп отырады. Мен оларды өте жақсы көремін. Себебі маған өмір сыйлады,жақсы тәрие берді. Өмірдің ақ-қарасын ажырата біл және қандай қиындық болса да төзе біл деген болатын. Ата-ана берген тәрбиені жүз мектеп бере алмас... Бұйыртса,біздің талай жақсылықтарымызға,жақсы жетістікке жеткенімізге қуанатын болады.Оларға ұқсағаныма бақыттымын. Олай дегенім әкем екеуміздің мінезіміз ұқсас,ал анама түр-тұлғам ұқсайды. Мен әкем мен анама өмір сыйлағаны үшін,жақсы тәрбиелегені үшін рахмет айтамын.. Сөз соңында айтарым: Ата-ананы қадірлейік,әрқашанда олардың жүздерінен мұң емес, тек қуанышты жүзді көрейік!!

Бұл тек бастамасы.. Тағы жазатын боламын. Оқығандарыңызға көп рахмет!



Бөлісу: