Мен өз еліме еңбек еткім келеді
Мен қытайда тұрмын , осы жерде туып-өстім, алайда менің елім Қазақстан себебі , мен Қазақпын, Қазақстанды сүйемін, сол үшін де өз еліме қайтқым келеді! Ата-анам Қазақстанда туысшылауда болды, Қазақстан ұнапты, алайда мен көшіп бару туралы айтқанымда, жақсы сыңай білдірмейді, түсінемін ол кісілер жасарын жасап, өмірдегі бар қйыншылықтарды көрді , енді аға - бауыр туыс-туғадарын тастап, көшп кету қартайғанда қйын ғой, маған берер жауабыда осы. әрі ендігі сенеріде сүйеніші де баллары біз болып отырмыз.
Қазақы тәрбиелерін естіп өскен менің бойымда тек ҚАЗАҚ қаны ғана бар, қаншама жаттың елінде туып -өссемде ес біліп "Қазақстан" деген елімнің бар екенін білгелі, өзімнің елсіз-жерсіз жетім емес екенімді біліп, соған жетуге армандадым.
2012~2015 ж.ж аралыға мен үшін ең керемет болды , себебі, мен Қазақстанға келіп Түкістанда ҚХТУ-да білім алдым, алайда бұл қуанышым ұзаққа бармаған болды, оқудан шегініп қытайға қайтып кеттім.себебі мен өзімнің еліме құр алақан келгенімді білдім, отанның болашағы үшін ,дамуы үшін өзімнің дайын бола алмағанымды білдім, сол үшінде қытайға қайтып кеттіп, олардың өзық өнерлерін үйреніп қайтқым келді, келгеніме бір жыл болды, бұндағы күйбең тұрмыс мені үйренуге қоймады, одан қалса, Қазақстанда біраз уақыт болып идеямнің өзгеруы , бұл ортаға сай келмеді , көп өтпей қайтып келгенім үшін өкініп қалдым.
Қазіргі уақытта той жасап басым екеу болы, ендігі бар ойым тұңғыш баламның Қазақстан теритурясында туылып Қазақстан азаматы болуы менің арманым болды, себебі енді түсініп жеттім, менің отан болашағы үшін дені сау , ұрпақ тәрбиелеп шығудың өзі отанға қосқан үлес олып табылады екен.
Алла қаласа күзге дейін өз еліме қайтсам деймін.