Мен неге сенемін?

Мен неге сенемін?
жеке
блог

        Өмір өте  қарапайым. Біз не берсек, соны аламыз.

        Жұрттың барлығының, оның ішінде мен де, біздің өміріміздегі жақсы, жаман оқиғалар үшін 100% жауапкершілік арқалайтынымызға сенімдімін.Біздің әрбір ойымыз біздің болашағымызды құрайды. Әрбір адам өмірде оқиғаны ой мен сезімнің қатысы арқылы жасайды. Біз ойлайтын ойлар мен сол ойларды бейнелейтін сөздер өмірде басымыздан өткізетін жайлардың бәрін туындатады. Өмірдегі сол немесе басқа жайлардың барлығында біз өзіміз қалаймыз, сосын өзіміздің бақытсыздығымыз бен келеңсіздігіміз үшін басқаларды қарғап, күш жұмсап жатамыз. Біз өзіміз-өз уайымымыз, қошаған орта шындығы мен ондағы барлық нәрселердің бастауы болып табыламыз. Екінші жағынан алғанда, өз санамыздығы үйлесімділік пен  тепе- теңдікті ұстана отырып,біз өмірде сол нәрселерді кездестіре бастаймыз.

       Сізді дәл суреттеген қай сөйлем?

       << Бұл өмірде адамдар маған жамандық жасайды >>.

       << Жұрттың бәрі менің проблемамды шешуге көмектеседі >>.

        Біз неге сенсек, сол біздің шындығымызға айналады. Біз өзіміз сенетін нәрселер мен өз ойларымызды өзіміз таңдаймыз. Біздің санамыздан тысқары ақылымыз біз сенетін нәрселердің бәрін қабылдайды. Біздің нені ойлауды миллиондап таңдауға мүмкіндігіміз бар. Біз осыны сезінген кезде,   << Адамдар маған жамандық жасайды >> дегеннің орнына << Жұрттың бәрі маған көмектесугетырысады >> деп ойлауға болады. Жаратылыс күштері бізді ешқашан соттамайды да, сынамайды да. Олар біз қандай болсақ, сол қалпымызда қабылдайды. Сосын автоматты түрде танымды бейнелейді. Егер сіз ылғи да жалғызбын, мені ешкім жақсы  көрмейді деп ойлауды жөн көрсеңіз, онда сіз солай өмір сүресіз. 

       

Бірақ, сіз << Дүниеде махаббат бар, ал мен ұнатамын және ұнамдымын >> деп ойласаңыз, және бұл сөзді жиі қайталасаңыз, онда сіз бұны  өз басыңыздан өткереде аласыз. Сіздің өміріңізде күтпеген жерден көптеген тамаша адамдар пайда болады, ал сізді жақсы көретіндер одан сайын жақсы көретін болады. 

        Біз кішкентай кезімізде де өмір туралы түсінікті үлкендерден аламыз.

        Егер сізге аса бақытты болмаған, жексұрын немесе өздерін кінәлі сезінген адамдармен өмір сүруге тура келген болса, онда сіз қоршаған орта мен өзіңізді керісінше қабылдауды үйренгенсіз. << Мен ешқашан ештеңені дұрыс жасамаймын>>, << Бұл менің кінәм>>, << Егер мен ашулансам, онда менің жаман адам болғаным >>- міне, сіздің кейбір ойларыңыз. Өмірді түңілулерден тұратын осындай ойлар құрайды.