Мен Қазақстанда тұрамын, қазақтар арасында қазақша сөйлеу керек! (Байқауға)
блог
Мен Қазақстанда тұрамын, қазақтар арсында қазақша сөйлеу керек!
Мен алғаш "Айтуға оңай" бағдарламасын көріп отырғанда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Иван Крепакты байқап қалдым. Ол қазақша сайрап тұр. Көрдімде қызығып сұхбат алуға бел байладым. Онымен сөйлескенде мемлекеттік тілімізге деген құрметін анық байқадым.
Иван 6-жасынан қазақша сөйлей бастаған. Оның айтуынша қазақ тілін меңгеріу үлкен жетістік. Мен Қазақстанда тұрамын, қазақтар бір-бірімен қазақша сөйлесу керек. Қазақ достарымның арасында, қарым-қатынастың арқасында осылай үлкен жетістікке жеттім. Және бұл дегенім, ұлтымызға құрмет пен оқу үшін.
-Қазіргі уақытта қазақ тілін қаншалықты білесіз?
-Маған қазақ тілінің сақталуы мен дамуын қолдаймын. Себебі біз болашақта дамыған ел болуымыз керек. Содықтан шет елдерден келген қонақтарға өз тілімізде сөйлеп, құрмет көрсетсек тіліміз көркейіп дамыр еді.Мен әлі де, қазақ тілін меңгеремін.
-Қазақша кітаптар оқисыз ба?
Әрине, қазір " Қырық мысал" ды оқып жүрмін. Бірақ кітап дүкендерінде жүргенде шетел әдебиеттері көп өтеді. Біз соларды қазақ тіліне аударсақ мүмкін басқалай болар меді.
- Ортаңызда тіліміздің қолданылу аясы қандай?
- Солтүстік Қазақстанның меніңше басты проблемасы қазақ тілін аз білуінде. Мектеп бағдарламасын орыс тіліне көп аудару керек емес. Мейілінше қазақ тілінде болса жақсы болады.
-Үш тұғырлы тіл туралы не айтасыз?
-Америкалық ғалымдар айтқандай, ең жоғарғы дамуы 3-5 жаста өтеді. Сол себептен үш тұғырлы тіл мақсаттары, балабақшадан бастау мүмкін. Үш тұғырлы тіл енгізілсе Қазақстан жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін.
-Отбасыңызда сізден басқа кімдер қазақша сөйлей алады?
-Отбасымда көбі қазақша білмейді.Олар украйнша сөйлеседі.
-Олардың қазақша үйренгісі келеді ме?
-Иә, анам қазақ тілді үйренуді бастап кетті. Атам " Уағалейкүм" мен "Ассалаумағалейкүм" деген сәлемдесу сөздерін біледі. Атама "здастувите, привет" деген сөздерді айтапаңыз деп қазақша амандасыңыз деп айттым.
Айтпақшы Иван " Абай жолын" да оқып шыққан. Онымен сөйлескенде тек қазақша жазуы, және оның бойындағы ереекше қасиеттерді көріп таңданысымды жасыра алмадым. Қазіргі таңда Иван Назарбаев зияткерлік мектебінің физика-математика пәні бойынша тереңдетілген мектептің оқушысы.