Мен жиі ойланатын мәселе
блог
Мені көбіне әлеуметтік мәселелер жиі ойландырады.Күнде қоғамдық көлікте де барлық жерде осы ой басымнан кетпейді. Ол не дейсіз бе?
Жақында "Ақ Үміт" деп аталатын балалар үйіне бардық. Барынша сырлас дос болуға тырыстым. Кішкентай көздері мөлдіреген балалардың жұдырықтай жүректерінде үлкен мұң бар.Бара сала ойын ойнап,шарларды іліп, көрмеге дайындалдық. Ұлболсын, Надя, Мұқан,Энес,Мақсат,Ақылжан,Таня,Асия,Рабия,Халиль,Балжан,Жанерке,Толғанай, деген періштелермен таныстым.Бірге суретке түсіп,қызықты ойындар ойнадық. Қатты бауыр басып қалған едім...
Жалпы бұл үйде 36 бала тәрбиеленеді.Тек қазақ ұлты емес, басқа да ұлттың балалары бар екен. Бірақ, қазақ баласы көбірек.
Топтас достарыммен барған едік. Қайтарда Асия "Қасымда қалшы,кетпеші" дегені жүрегімді ауыртты.
Күнделікті "Ертең университетке не киемін?","Баллым аз, не істеймін?","Не жеймін?" деп уайымдасам, кейіннен осылардың орнына өзімді қойып көрдім.Олар "мені анам қашан алып кетеді" деп сарыла ақ үмітпен күтуде.
Міне,осы күннен бері уайымым солар болды. Балалы бола алмай жүрген қаншама азаматтар бар. Құдайдың берген кішкентай періштесін тастау-адамға тән қылық емес.Мені толғандырған осы жайт. Жетімдер мен қарттар үйін қалай жоюға болады? Қалай күресуге болады?Білмеймін,қатал заң керек шығар....