Адамдар құдайдың жаратқан кереметі. Олар біледі, көреді, естиді, сезеді, сүйеді... Ғаламның ғажайыбы - адам, әлде...
Күнделікті өмірде адамдар бір-біріне сенімін, сезімін, сағынышын білдіріп жатады. Ия, саған өзгелердің сенім білдіретінін білгенде өзіңді алға қадам басуға итермелейсің, өйткені саған сенетін, сенен үміт күтетіндер бар. Саған сезімін білдіргендерге ризашылығыңды айтып мен де сүюге лайықты екенмін ғой дейсің. Сені сағындық дегенде бұл шексіз, шетсіз ғаламның бір бөлшегі болып оған көмегімнің, қажеттелігіңнің туындағандығын сезінесің. Ал сенбесе, сезінбесе, сағынбаса ше?
Онда, өмір өзгеше болар еді. Өмірдің мәні өмір сүруде адамды жерде ұстап тұрған тамыры да өзгелер. Бірақ, оны сезіне бермейміз. Бір адамның ойына еріп осыған ұнамадым деп өзгеге ұнайтыныңды ұмытасың. Сонда өмір несімен әділетті?! Бірі шын сүйеді, жанын береді ал екіншісі не істетсе де өзгені сүйетінді ұнатады. Қызық. Оның жүрегін өзгерте алатын мен де емес, сен емес.
Кейбіреулер бір-біріне уәде беріп мәңгі бірге боламын дейді, бірақ оны шешештін мен де емес, сен емес. Кейде адамдардың мінезі, іс әрекеттері жағымсыз болғанда неге олай істейді екен дейсің. Тәлім-тәрбие , қазақтың бойына сіңген ұяңдық пен парасатттылық қайда дейсің... Бірақ, өзгенің өмірін не ойын өзгертетін мен де емес, сен де емес.
Өздеріңізге тиесіліні өзгертіңіздер ал өзгенің өмірін, көңілін, сезімін өзгерті біздің ырқымызда емес, тек әсер етесің. Сондықтан, оны өзгертер мен де емес, сен де емес.