Мамандық таңдауда неге қиналамыз?
блог
"Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.”- деп Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтып кеткендей, мамандық таңдау, адам өміріндегі маңызды таңдаулардын бірі. Жарқын болашақтын кілті.
Кейбір адамдар мамандықты талантына, кейбірі сүйікті ісіне бейімделе таңдайды. Бірақ бұл ойлағандай оңай жұмыс емес. Адам бірінші өзін танып, зерттеп алуы қажет. Айтып кеткенімдей сүйікті ісін, қызығушылықтарын және мүмкіндіктерін анықтап алу қажет. Ары қарай өзінізге сәйкес келетін мамандық таңдау қатты қиындыққа соқпайды.
Көп жағдайларда баланың мамандық таңдаудағы пікірімен келіспейтін ата-аналар, баланы райынан қайтарып жатады.Кейбір жағдайларда бұл ата-ананың жүзеге аспаған арманы болуы мүмкін. Мысалы, ол өзі бір мамандыққа түсе алмай, өз баласын соған мәжбүрлеуі мүмкін. “Мен жас кезімде дәрігер болғым келді. Бірақ жолым болмады. Енді баламның дәрігер болғанын қалаймын. “- деген сөздерді жиі естиміз. Осындай жағдайда бала өз мүмкіндіктерін және жүрек қалауын тыңдауы кереу. Алдыңа қойған мақсаттардан шегінбеуі тиіс.
Нақты адам көзқарасымен мамандық таңдауға келетін болсақ. Мамандық таңдауда:
Біріншіден, “өлмейтін” мамандықтарды қарап алу керек. Бәріміз білетіндей олар: мұғалімдер, дәрігерлер және мал дәрігелері. Бірақ, қазіргі таңда бұл тізімге “маркетинг” “IT” салаларын да жатқызып жатады. Алдағы уақытта көп қолданылатын мамандықтардын бірі.
ХХІ ғасыр, технологиялар заманы болғандықтан IT мамандығын кеңінен зерттеген дұрыс. Тіпті осы жылы IT мамандығын оқуына берілетін грант саны әдеттегіден жоғары. Жастарға мүмкіндіктер санын мемлекетте көтеріп жатқанын ескеруіміз қажет.
Екіншіден, жақын арада жойылады деген мамандықтарды таңдамаған абзал. Егер зер сала қарайтын болсақ, қазірдің өзінде интернеттің дамуына және электронды қызметтер ауқымының кеңеюіне байланысты қағаз-баспа өндірісіне деген сұраныстың күрт азайғаны байқалуда. Сол себептен қағаз-баспа өндірісімен байланысты мамандықтарды тандамаған жөн.
Бойдағы талант арқылы мамандық таңдаймыз. Мысалы, кейбір адамдарда талант бар, ол сурет салу, ән айту, би билеу таланттары болады. Ол таланттар кей кезде жай қызығушылық болып жатады. Сол нәрсені әрі қарай дамыту ойда мүлдем болмайды. Бірақ, бұл сенің болашағынның бір бастамасы болар? Осы нәрсегеге зер сала қарауымыз қажет. Жай хобби деп жүріп, нағыз талант иесі бола алатынымызды білуіміз керек.
«Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда» деп Мұқағали Мақатаев атамыз бекер айтпаса керек. Ең бастысы, мамандық таңдау – болашағыңды таңдау екенін ұмытпауымыз қажет.