Мамандық таңдау-өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау
"Мамандық таңдау-өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Ең қиын мамандық – адам болып қалу",-деген екен Хосе Хулиан Марти. Иә,шын мәнінде де адам өміріндегі ең бір жауапты қадам-өзіне лайық мамандық таңдау. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз.Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл — үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз — өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек деп ойлаймын. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек."Арман-адамның қанаты",-дейді емес пе?Ол адамды шырқау көкке жетелейтін үлкен серпіліс."Шабытынды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады», - деп атақты ағылшын ойшылы Джозеф Кэмпбэлл айтқандай, адам шың жүрегімен қатты қалаған, талпынған ойы міндетті түрде жүзеге асады деп ойлаймын. Ал ол үшін талпыныс қажет. Арманға жету жолындағы адамға ең қажетті қасиеттердің бірі -сенім.Яғни таңдаған мамандығыңа сенімді болу,сондықтан өміріміздің ең бір жауапты таңдауына сенімді болайық!