Мамандық таңдау - маңызды шешім.

Мамандық таңдау -  маңызды шешім.
жеке
блог

  Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі жар -таңдағанда,екіншісі - мамандық таңдағанда". Бұл екі таңдаудан біздің келешек өміріміздің қандай болатыны шешіледі. Сол себепті, бұл мектеп бітіруші жастардың алдындағы болашаққа деген ең алғашқы және де ең ауыр ауыр қадам болып табылады. Сондықтан бұл іске бей-жай қараған ақымақтық.
   Ең бірінші,мамандық таңдауда өзіңнің қандай іске бейімің бар екенін қарастыр. "Мен дарынсызбын,қолымнан ештеңе келмейді" деген ойларды шетке ысырып қой және мына сөзді санаңа сақтап ал: "Бұл өмірге келген әрбір адамның өз орны бар". Демек,сен өмірге бекер келген жоқсың,сен жай ғана әлі өзіңді таба алмай жүрсің. Сол себепті,жүрегіңнің қалауына құлақ асып,дұрыс таңдау жаса. Қиын,әлде мүмкін емес болып көрінсе,керісінше,ұмтыл. Оңай дүние,ешқашан өзінің тиісті бағасына ие бола алмайды. Ал ауыр азаппен,маңдай термен келген дүние әрқашан ыстық болады. Екіншіден,бұл таңдаудан өзгенің емес,сенің алдағы өміріңнің шешілетінін ұмытпа,яғни бұл таңдауды сен өзің жасау керексің. Өзгенің айтқан ақылы,әрине,керек. Бірақ,ол тек қана саған қосымша ақыл қосу үшін,дұрыс жолға түсу үшін ғана қажет. Ал шешім сенің өзіңе байланысты. Егер ертең өзің емес,өзгенің қалауымен басқа мамандық таңдасаң,сен өміріңнің соңына дейін өкініп өтесің. Біріншіден,сен жұмысқа өз сүйген ісіңмен айналысу үшін емес,тек қаражат табу үшін ғана баратын боласың,өмірің тек күйбең тіршілікпен өтетін болады. Ал егер өз жүрегіңнің үніне құлақ түріп,өзіңе сеніп,өз шешіміңді таңдасаң ше?! Онда сен өз сүйікті ісіңмен айналысасың,істеген ісіңнен ләззат аласың. Уақытыңның қалай өткенін де байқамайтын боласың. Екіншіден, сүйікті ісіңмен айналысып,қаражат тапқан жөн бе,әлде,еріксіз істеп жүрген жұмысыңмен айналысқан жөн бе? Алған жалақың емес,өзіңнің жасайтын ісіңнің саған қаншалықты бақыт әкелетініне көбірек көңіл бөл.
   Болашақ ұлы тұлға! Досым! Ешқашан өз шешіміңнен бас тартпа! Оңай дүниеге жүгірме! "Қиын" мүмкін емес деген сөз емес! Өзіңді,өз шешіміңді сыйла! Сенің ертеңің өзіңе,тек өзіңе байланысты. Есіңде сақта: "Алынбайтын қамал жоқ!".