«Логопедияның басты құралы-жаңылтпаш»

«Логопедияның басты құралы-жаңылтпаш»
жеке
блог

     

    Логопедияның басты құралы – бұл жаңылтпаш. Қазақта тілді жаттықтыруға, тәлім-тәрбие беруге бағытталған, сонымен қатар, баяу айтылса мәнсіз, шапшаң, жылдам айтылса, қызықтырақ болып келетін түрлі тақырып пен түрліше мағынадағы жаңылтпаш типтері көп. Белгілі бір үлгі тұтарлық адамның шығарған жаңылтпашы мағыналы болғандықтан, халықтың ой елегінен өткізіліп, еш өзгеріссіз ұмытылмай сақталып, ауыздан-ауызға таралып, жатталып отырған. Бұл-бала тілінің кемістігін түзеп, дамыту мақсатында қазақтың ойлап тапқан тиімді әдістерінің бірі саналады.

     Сондықтан, мұның қолдану аясы кеңей түседі. Алғашында балаға әріптердің дұрыс оқылу нұсқасын меңгертуде, оған ұрысып немесе жекіп, көк айыл боп ұрып, айтқызудан ересектер еш нәрсенің байыбына бара алмайды, керісінше, үдете түседі. Яғни, бала бұдан қатты қорқып, қобалжудан сөздерді мүлде шатастыруы да мүмкін. Соны болдырмаудың жолы, тілі қайсыбір әріпке тез бұрмалауын жетілдіретін әдіс – бұл, әрине, жаңылтпаш. Қазақта мақал-мәтел, нақыл, өнеге сөздер секілді орын толтырарлық құрал іспетті.

   Жаңылтпаш жаңылдырту үшін құрылмаған, керісінше, мағынасын терең ұғынып, жаттанды түрде жылдам әрі жаңылыспай айтк үшін құрылған қызықты жаттықтыру амалы. Сондай-ақ, «і-ы, ш-с, к-қ,н-ң, р-л» сияқты түрлі әріптер әр сөзде қайталанып келуі, тілді соған дағдыланыруға септігін тигізбей қоймас.

      Егер де, бала осылайша жаңылтпашты дұрыс әрі толық меңгеріп, тіл жаттықса, онда есейе келе, бұл оқушы тілі анық әрі таза, ешқандай кедергі, қиындықсыз айтылып, тыңдаушыларға дыбыс не дауыс жақсы деңгейде естіледі. Яғни, осы әдістің нәтижесі болғаны. Сол сияқты жаңылыспау, тез сөйлеуге әбден джағдыланып, машықтанады. Міне, жаңылтпаштың осы сияқты әріпті дұрыс оқи білу, бір-біріне ұқсас санап, шатастырмау, тез сөйлеу, сонымен қатар, беретін тәрбиесі мен айтпақ ойы да мол екенін анық байқауға болады.

     Жалпы, қорыта келе, жаңылтпаштардың берер тәлім-тәрбиелік маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Тілді бұрмалап, жетілдірудің басты күші, бал тілін қиындықсыз дамытуды қызықты да тиімді, пайдалы әдісі – жаңылтпаш. Яғни, бұл құралдың жиынтығы осы болып саналады. Ұзын сөздің қысқасы, бала тілінің дұрыс жетілуі-жаңылтпаш әдісінің мол пайдасына шешіледі.

 

 

                                               Дайындаған: Өтегенова Әйгерім Жаналықызы