Қыздарға ұнайтын жігіт қандай болуы керек?
блог
"Жігіт көзімен, қыз құлағымен " деген игі сөз бар.Осы бір сөздің түп тамырына үңілетін болсақ үлкен бір мағына жатыр. Жалпы жігіттерге əдемі қыз болса болғаны. Сол сияқты жігіттер қыздарға да əдемі жігіт қана ұнайды деп ойлайды. Қатты қателесесіздер!
Қыздар қауымы өте нәзік əрі ақылды болып келеді. Бүгінгі таңда қыз бен жігіт болып жүру жастар арасында өте көп. Ал қыздарға қандай жігіттер ұнайтыны қызық па? Онда мұқият оқыңыз!
Көпшілік жігіттер қыздарға красавчик, бай, машинасы бар жігіттер ұнайды деп ойлайды. Сіздер қатты қателесесіздер. Қыздарға ең басты керек нәрсе ол көңіл бөлу (внимание). Қызына назар аудармайтын жігіт ешбір қызға ұнамайды. Екінші сыйлай білу, ренжітпеу. Əрине айтып өткендей қыздардың жүрегі нәзік болып келеді. Өздеріне тым ауыр алып қалуы да мүмкін. Ескерте кететін жайт, қыздарға жалқау жігіттер ұнамайды. Адамгершілігі бар, ата-анасын сыйлайтын, ең бастысы адал болуы тиіс. Міне, бойынан осы қасиеттер табылатын жігіттерді қыздар да сыйлайтын болады. Ең бастысы қыздарға ұнау үшін емес, өздеріңіз үшін осындай болуларыңыз қажет!