ҚУ ДҮНИЕ

ҚУ ДҮНИЕ
жеке
блог

2014 жыл, Шілде айының он бесінші жұлдызы, малшылар ауылы (қора).

        Сағат түнгі ондардың шамасы. Ұйқы деген досым жалғыз тастап зерігіп шам жарығымен 21 деген дамығын заманда газет оқып, бір жағынан радио тыңдап. Миым газетпен радионың қайсысына мән берерін білмей қатып отырғанда, радиодан мені тыңда дегендей мағыналы ойлар шыға бастады. Радио мені ойландырып қойып , мағыналы ойларын айта бастады:

         Адам мына өмірде жіпке асылып тұрғанмен тең , Ал ол жіпті ақ тышқанмен қара тышқан кеміріп жатыр. Оның астында жіп үзіліп, адамның қашан құлауын күтіп тұрған айдаһар. Адамның ойы үстінде кеміріп жатқан тышқандардада емес, астында тұрған айдаһардада емес. 

       Ақ тышқанмен қара тышқан - күн мен түн (уақыт өтіп жатыр)

       Айдаһар - арғы дүние ( тозақ немесе жәннәт )

       Адамның ойы екеуіндеде емес - жай ғана өтіп жатқан қу дүниеде деп радио досым сөзін аяқтады.

       Айтылған мағыналы сөз есімнен шықпасын деп шам жарығымен қолға ручка алып салған суретім. Суретші болмасамда ұқсап бақтым (~_^).

       P.S Бар болайық, аман болайық мына қу өмірде қу дүниеге алданбайық.