Қолмен жасаған ақырзаман
блог
ҚОЛМЕН жасалған АҚЫРЗАМАН
Атом бомбасы-ядролық қарудың ескі атауы. ХIX ғасырдың I жартысында пайда болып қаншама жерді, елді, халықтарды қансырата қырған алапат күші бар қару.Жолындағының бәрін жермен жексен етіп, түп тамырымен құртатын залым күш. Бұрынғы заманда ата бабаларымыз жерін білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаса, ал қазір үлкен, керемет мемлекеттерді соғыссыз бір-ақ тетікті баса салса, ол ел 45 секунтта жермен жексен болады. 1945 жылдан бастап пайда болған бұл қару, елдіңде, жердіңде тоз-тозын шығарып жатыр. Салмағы 2 тонна ғана болатын бұл қару 20 миллион халықты қыруға қауқарлы. Өз жерімізді, болашағымызды өз қолымызбен құртып жатырмыз. Суымызды, жерімізді, ауамызды ластап радиация таратып жатқан қарудан қалай құтыламыз? Мүмкін бұған ешкімнің қауқары жетпейтін шығар? Болашақта мүмкін бұл қару мүлдем болмайтын шығар, кім біледі?
Егер сен тұрған маңайға атом бомбасы түссе одан қашып, тығылып немесе қорғанып керек емес, өйткені ол сенің өміріңнің соңғы сәті, сенің соңғы көрген көрінісің. Атом бомбасы-ол өз қолымызбен жасап жатқан ақырзаман. Сондықтан болашақты жарқын ету, қолдан жасаған ақырзаманды алыстату үшін оған қарсы күресіп ақырзаманды жерге емес атом бомбасына жасау керек. Жаңа туылған сабилердің кемтар, шетінеп кетуіне себепкер болып отырған бұл қарудан әлемнің барлық елдері бас тартса қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туары хақ.