Қоғамдық көліктегі оқиға.
Науырыз айының ортасы.Тоқсан аяғындағы бақылау тапсырмалырынан шаршаған мен аялдамаға әрең жетіп,үйге қайтатын автобусымды күтіп отырмын.Көп күттірмей келген қоғамдық көлікқана бүгін мені қуантқан секілді.Іші әрқашан ығы-жығы болып жатататын көлік бүгін ерекше тым-тырыс.Автобустың артқы жағындағы бос орынды көріп, бірден отыра кеттім.Көктемнің жайма-шуақ табиғатын терезеден тамашалаған ерекше ләззат сыйлайтын секілді.
Автобус ішіндегі адамдарға көзімді салып қарағанда, маған қарама-қарсы орындықтағы әпкесінің алдында отырған 4 жасар балаға көзім түсті.Тәтті сусынды құмарлана ішіп отырған бала, байқаусызда түтікшесін жерге түсіріп алды.Бірден еңкейіп алуға тырысқанда оны әпкесі тоқтатты.Мен түтікшені әпкесі өзу алуға ұмтылғандай болғанын көріп,қамқорлығына сүйсіндім.Терезеге қайта бұрылып,автобустан озып өтіп жатқан көліктерге қызыға қарап отырдым.Алайда әпкесінің :
-Керек емес, алма, жата берсін-деген сөзі менің қайта оларға бұрылуыма себеп болды.Автобуста аз адам болғандықтан бұл әрекетке ешкім де назар салмаған секілді.Алайда осы бір кішкентай түтікше менің көз алдымнан кетпеді.Менен жасы әлдеқайда үлкен адамның бұлай істегені қалай?Қоғамдық көлікті осылай ластағаны дұрыс әрекет емес қой.Деген ойлар мені мазалады.Сол түтікшені еденнен көтеретініне іштей үміттеніп отырдым.Өз аялдамама жақындағанда басқа амал жоқтығын түсіндім де ,орнымнан тұрып түтікшені алдым,бірден әпкесінің түсінбеген көзқарасын байқадым.
-Бұл қоқыс сіздердікі секілді.Өтінем келесі жолы қоғамдық көлікті ластамаңыздар деп түтікшені ұсындым.Менің осы бір әрекетім ол кісіні қатты ұялтқанболу керек.Үндеместен түтікшені алып сөмкесіне салды.Өзімнің бұл әрекетіме іштей мақтанып автобустан түстім.Неге екенін білмеймін алайда осы ісім менің бойымдағы шаршауды бірден басқан секілді.Ата-анамның айналаны ластама,қоқысыңды кез-келеген жерге шашпа деген сөздері есіме түсті.
Біреу үшін бұл ісім теңізге құйған тамшыдай көрінетін шығар.Алайда осының арқасында келесі жолы олардың бұл әрекетті қайталамайтынына сенімдімін.Халқымыз "Тәрбие тал бесіктен" деп бекер айтпаған.Балаға ерте жастан қоршаған ортаны аялауды үйретсек ,елімізде қоқыс полигондарының емес саябақтардың саны көп болушы еді.