Қоғамда Tik-tok әлеуметтік желісіне деген құштарлықтың себебі не?

Қоғамда Tik-tok әлеуметтік желісіне деген құштарлықтың себебі не?
жеке
блог

    Бүгінгі ақпараттар жылдам аламасатын қоғамда саңырауқұлақша қаптаған әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жастардың көп уақытын өткізетін виртуалды әлемі деуге болады. Соның ішінде түрлі трендтерге бай ойын-сауық әлеміне жетелейтін Tik-tok әлеуметтік желісі танымалдыққа ие. Әлем бойынша осы желіде ай сайын 1 млрдтан астам қолданушы отырса, күніне 8 жаңа аккаунт құрылады дейді статистикалық мәліметтер. Сонымен, жастарды Tik-tok әлеміне тартатын не құдыретті күш бар?

    «Тик-ток» әлеуметтік желісін  пайдаланатын  жасөспірімдердің саны өте көп. Желінің пайдалы тұстарынан гөрі зиянды жақтары көп. «Тик-Ток» – бұл не? Жас болғанмен бірақ қазірдің өзінде өте танымал әлеуметтік желі. Бірнеше жыл ішінде музыкалық қауымдастық бүкіл әлем бойынша жүздеген миллион қолданушылардың сүйіспеншілігін жеңіп алды. Мұнда адамдар өз клиптерін жасайды, достарымен бөліседі, басқа қатысушылардың жұмысын бағалайды және жай сөйлеседі.

     Ақпаратты зерттей келе, психологтың пікірінше, қазіргі балалар күні бойы әлеуметтік желіні мақсатсыз парақтап отыруға дайын, ол жерден өзін қызықтыратын және елт еткізер бейнебаян іздейді және оның қандай болмағы: пайдалы ма, зиян ба, маңызды емес. Мұндай бейнебаян көру бір ғанибет. Ондаған сәтсіз дублдерден кейін басыңа мынадай ой келеді: «Мен мұны қайталай аламын! «Міне, осылай «Челлендждер» құрылады. Челлендждер бәсекелестікке ықпал етеді: әр «тиктокер» басқалардан ерекшеленуге тырысады және бейнені ерекше етіп жасағысы келеді. Челлендждер әртүрлі: қауіпті, зиянсыз және тіпті пайдалы.

      Сонымен қатар, «тик-токтағы» қауіпті челлендждерден басқа да қауіптер бар. «Тик-Ток» чаттары арқылы педофилдер 10 жастан асқан балалармен байланыс орнатуға тырысқаны дәлелденген. Педофилдер өздерінің аккаунттарын ойдан шығарылған оқушының атына тіркеп, оның атынан таңдалған құрбанмен достасуға тырысқан жағдайлар болған. Бірнеше апта, не бірнеше күннен соң олар қарым-қатынас жасаған жаңа «достарынан» киімсіз фото немесе видео жіберуді сұрайды. Балалар мен жасөспірімдер бір-біріне жиі ашуланып қалатын жағдайлар болады. Құрдастар бір-бірін мазақ етіп, күлуі, қорлауы мүмкін. Психологиялық мәселелер туындайды, бұл олардың көңіл-күйіне және оқуына әсер етеді.Кейде балалар құрдастарының фотоларын не бейнебаяндарын жариялау туралы  қорқытып,  не қорлайтын және абыройын түсіретін пікірлер қалдыратын да жағдайлар болады.

     Психологтардың пікірінше, әлеуметтік желілерге деген тәуелділік өмірге құштарлығы төмен  жасөспірімдерге тән. Егер баланың қызығушылықтары әртүрлі болса, сурет салғанды немесе спортпен шұғылданғанды ұнатса, оның өмірі оқиғалар мен мағыналарға толы болады.  Егер баланың өзін-өзі бағалауы төмен болса, яғни, өмірі  көңілсіз ол фотосуреттер мен бейнебаяндар көмегімен өз өмірін керемет екенін көрсетуге тырысады.

     Қорытындылай келе, Tik-tok әлеуметтік желісіне деген құштарлық заманауи трендерге сай өмір сүретін жастардың өмір сүру қалпына айналғандай. Әрине, әдемі биімен және актерлік қабілеттерімен, ерекше контенттерімен қызықтыра алатын виртуалды дүниелер көруге тұрарлық. Алайда, тренд соңынан қуалаймын деп өз өміріне қауіп төндіріп, лайықсыз іс-әрекеттерге баратын «атың шықпаса, жер өртенің» кейпін киетін талғамсыз дүниелерден де аулақ болғанымыз жөн деп есептеймін.