Кино мен өмір арасында қандай байланыс бар?!
блог
Кез-келген кинотуынды өмірден алынады деп жатамыз.Және бе ол белгілі бір қоғамның шындығын көрсетеді.Сөзімізге дәлел ретінде ұлттық телеарналарымыздың бірінде көрсетілген үндінің «Келін» телесериалын алуға болады. Осы кинодағы басты рөлді сомдаушы Ананди есімді әйелдің қолына таяқ алып,әділетсуздікпен күресетін көріністері сериалдан орын тапқан еді. Әрине сериалдың барлық бөлімі дерлік шындыққа жанасады деп айта алмаймыз.Дегенмен ол үнді қоғамының бір бөлшегін көрсеткен туынды болатын.Олай болса кинотуындыдағы әділеттілік үшін күресушілердің шынайы өмірдегі жағдайымен таныс болыңыздар.
2005 жылы Gulabi Gang («Pink Gang») деп аталатын ұйым Солтүстік Үндістанның ең кедей аудандарының бірі Бунделханда пайда болды. Ол тек қана әйелдерден тұрады және жергілікті шенеуніктер айдауына жүрмейтін ұйым болып табылады. «Pink Gang» компаниясының негізін қалаушы және негізгі идеялық дем берушісі - балмұздақ сатушысы Саппат Пал Деви.Ол 12 жасында ата-анасының шешімімен тұрмысқа шығып,15 жасында алғашқы баласын дүниеге әкелген.Осындай жағдайға басқа қыздар да тап болмас үшін,Пал Деви әлеуметтік жағдайы төмен және әділетсіздікті қорғау үшін әйелдер белсенділерін жинап топ құруға мәжбүр болады.
Гулаби Гангтың қатысушылары полиция мен жергілікті билік қылмыскерлері тарапынан көп әділетсіздікке ұшырайды.Тіпті жоғары билік тарапынан да осы топ қатысушыларына көмек болмаған екен. Сондықтан да топ қатысушылары физикалық күш көмегімен әділсетсіздік жасаған адамдарға шара қолдануда. Әйелдер қолдарына лати таяғын алып шығып, өздерінің лауазымын теріс пайдаланғандарды жазалауды бастады.Алғашқыда бұл қозғалыс әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмектесу үшін жасалды. Бірақт қазір ол әйелдердің теңсіздігі мен қысымын жою мәселелеріне де тоқталды. Топ белсенділері әйелдерін ұрып-соғатын еркектермен алдын ала сөйлесіп алады екен.Егерде сөзге келмесе бүкіл ауыл халқы алдында таяқ астына алады.Оған қоса полиция учаскелеріне шабуыл жасап, жемқор шенеуніктерді де соққыға жығатын көрінеді. Бұл қызғылт топтың мүшелерінің көпшілігі аз қамтылған отбасылардан шыққан әйелдер.
«Әйелдер Гулаби тобына кіреді, себебі олар әділетсіздікке ұшырайды, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болып табылады және осы жағдайдан шығудың жолын көрмейді», - деді қозғалыс мүшелерінің бірі Суман Синx.
Уақыт өте келе Гулаби Ганг бұқаралық сипатқа ие болуда. Бүгінгі таңда топ Солтүстік Үндістандағы Мерат, Банда, Бийнор және басқа да қалаларда жұмыс істейді.Оның қатысушылары 400 мыңнан асады.Және де барлығы да қылмыскерлерді жазалайды екен.Көтеріліс басшысы Пал Девидің айтуы бойынша : әйелдер қауымына жұмыс керек екен. Және оған жеткілікті ақы төлесе жетеді. Қозғалысқа қатысушылардың пікірінше, ерлер қауымының да бұл істі қолдауы үлкен бастама екен.Алайда ерлер қауымы тек қана сөз жүзінде бұл іске араласып отыр.Шын мәнісінде олар ешкімгеде көмектесіп жатқан жоқ екен. Ал топ қатысушылардан көмек сұраушы жандар саны артуда.Жақында ғана 7000 тұрғыны бар ауыл адамдары өнім үшін өтемақы алуға көмектесуін сұрады. Әрине бұл сұрау нәтижесіз қалмады.Осылайша бұл топ құрамасындағы әйелдер қауымы жәбірленген адамдарға көмек беруін жалғастыруда.Оған қоса 2018ж тамыз айында Үндістан үкімет әйелдер құқығын қорғау туралы заң қабыламақшы болып,жиналыс жасаған еді.Бірақта әлі күнге әйеьдер жайын жақтайтын заң нормалары нақты күшіне енген жоқ.Сол себепті де латти таяғын ұстаған әйелдер тобы өз кінәлілерді жазалауын жалғастыруда.