Бүгінгі таңда ұялы байланыс құралының қандайы жоқ дейсің?! Айпод, айфон, смартфон тағысын тағы. Әйтеуір, түр-түрі бар. Қоғам өмірінде осы ұялы телефондардың алатын орны қандай?! Осы тұрғысынан әңгімелесек.
«Қазіргі қоғамды – ұялы байланыс құралдарының заманы», - десем, артық айтпағандағым. Өйткені, қазіргі таңда жасың да, кәрің де, тіпті сәбидің өзі заманауи техниканың құлағында ойнайды. Ал, оның пайдасы мен зияны туралы ойланып көрдіңіздер ме?! Пайдасы – алыс жақтағы достарың, туған-туыстарыңмен хабарласудың ең тиімді тәсілі болса, зияны жөнінде айтпаса да белгілі. Оның зияны туралы газет беттерінде талай мақалалар жарияланып та ауыз жыртып айтылып та жүр. Ұялы телефондардан ультракүлгін сәулелер бөлініп, адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Нақтылай түссек, біріншіден, көздің көруі нашарласа, екіншіден, жүректің аурулары пайда болады. Бұл барлығы құлағдар болған мәлімет, одын басқа оның біз білмейтін зиянды тұстары қаншама. Ал, ол байланыс құралы қазіргі уақытта жас баланың – ойыншығы. Олай деуіме бірден-бір себеп – басымнан өткен оқиға болып табылады. Бұл оқиға күнделікті сабақ бітісімен, үйге қайту үшін такси тұрағына барған кезде орын алды. Мен жалғыз жолаушы болғандықтан, көлік жүргізушісі адамдар жинайтындығын ескертті. Көп уақыт өтпей жатып, жеңіл автокөлікке құлағына құлаққап киген, қолында смартфоны бар бойжеткен және атасы немересін жетектеп келіп отырды. 4-5 жас шамасындағы жас бүлдіршін атасына өзінің «ойыншығы» туралы әңгімелеп отырғанын құлағым шалып қалды. Атасы мен немересінің әңгімесін назарларыңызға ұсынамын.
Немересі: - Ата, маған тәтенің қолындағыдай телефон алып берші (тәте деп отырағы – жоғарыда аталған бойжеткен).
Атасы: - Сенің планшетің бар емес пе, екінші телефонды қайтпексің?!
Немересі: - Ол үлкен, онымен ойнаған ыңғайсыз.
Атасы: - Сонда екі телефонды не істемексің?
Немересі: - Екеуімен де ойнаймын. Бірақ, маған тәтенің қоландағыдай телефон керек, алып берші, ата!
Атасы: - Жақсы, алып берейін.
Атасы «алып беремін» демесе, немересі жылауға шақ қалған-ды. Бұл не сұмдық? Осы диалогті ести отырып, жағамды ұстадым. Бүгінде 4 жастағы баланың ойыншығы – заманауи техника болса, біз балалық шағымызда планшет тұрмақ қарапайым кнопкалы телефонның не екенін білмеуші де едік. Өйткені, ол уақытта қалта телефондар енді дамып, тарай бастаған кез. Ал, қазір ше? Екінің бірінде – телефон. Кейбіріне біреуі аздық еткендіктен, қалталарында екі-үштен. Техника шығарушылар да оның сапасына емес, ішіндегі ойындары мен түрлі бағдарламаларын жақсартуды басты назарға ұстауда. Бұл қай сасқандығы? Ол сапасыз болса, бала қолындағы аталмыш «ойыншықтың» оның денсаулығы үшін алып келер кесапаты көп емес пе. «Адам боламын десең – бесігіңді түзе», - демекші, баласы заманнан қалмасын деген оймен барлық жағдайды жасайтын ата-аналар жоғарыда аталған жағдаят тұрғысынан бір сәт болсын ойланса екен. Себебі, заманауи техника – қазіргі таңда басты назардағы індеттің бірі.