Қазақстан шенеуніктерінің әйелдерін соққыға жығуы
блог
Елімізде соңғы бес жылдықта ерлі-зайыптылардың арасындағы түсініспеушіліктер мен конфликттардың, соққылар мен физикалық зомбылыққа айналу оқиғалары орнап жатыр. Жалпылама бұл мәселені қарастырсақ еліміз бойынша тек 5 жылдың ішінде отбасы арасындағы зорлық-зомбылықтардың кесірінен 869 адам көз жұмған. Халықаралық адамдар құқығын қорғайтын ұйымдардың ресми міңездемесі бойынша, республикамыз қайғылы статистикаларда алдыңғы орындарда жайғасқалы отыр.
Ендігі мәселе, еліміздің тізгінің ұстаған, халық үміт артып отырған шенеуніктерімізге жаппай отбасыаралық зомбылық істеуде деген айыппен қылмыстық істер жүргізілуі. Республикамыздың айқын бейнесі болып отырған саясаткерлеріміз осындай қылыққа барса, қарапайым қазақ отбасыларында қандай жағдай туындауда?
Айта өткенде, көзді ашып жұмғанша экс-министр Қуандық Бишимбаевтың жанжал ісінен соң, Арман Шораеватың некелес әйеліне қол көтерген жағдайы жұртшылыққа мәлім болып отыр. Мамыр айында Атырау облысының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовтың әйелі, ол оны ұрып-соққанын айтып, әлеуметтік желіге видео жүктеген еді. Ақмарал Үмбетқалиеваның сөзінше, ер адам 11 жыл бойы отбасы болып бірге тұрған уақытта балалардың көзінше оған қол көтеріп келген және балаларын бір жыл бойы көрсетпеген.
Естеріңізге сала кетейін, жоғарыда айтылған екі іс осы жылда орныққан болғанымен тамырын кеңінен жаяды. Осы фактілерге сүйенсек, елімізде тіпті тергелмеген де істер көп. Осы тұста бұл өзекті мәселенің тікелей коррупцияға да қатысы бар екені аңықталып отыр. Логикалық тұрғыдан да қарастырсақ, айыпталушылар жәбірленушілердің отбасыларына қолма қол пара беріп, қылмыстық істің қаралмау кепілдігін сақтап қалуы осы жайдан-ақ аңық. Бұл шетте үлкен отбасылық проблема жатыр деген ойдамын. Тек шенеуніктердің арасында ғана таралмаған бұл проблема отандастарымыздың көпшілігіне таныс. Қорлыққа әбден төзген азаматшаларымыз оқиғаның бұндай шиеленісуіне төзе салуға бас тартуда.
Қорытындылай келсек, елімізде қазір әйел болуға қауіпті жағдай орныққан, әйел қауымының құқығын қорғау біздің еркіміздегі таңдау. Өсіп келе жатқан қарындас, әпкелеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтарымыздың қолында.