Карантинде немен айналысып жатырмын?
Елімізге келіп жеткен індетке байланысты карантин жарияланғаның баршамыз білеміз. Дегенмен, алтын уақыттың бағасына жетіп, қадірлегеніміз жөн-ақ. Қазіргі уақытта жастар уақытты тиімді пайдалану үстінде, бұл қуанарлық жайт. Менде дамушы жастар қатарынан табылып, әр істің құнына жетудемін! Мәселен,
-Қасиетті Құран кітапты күнделікті оқуға тырысамын.
(Бұ фәниден бәріміз де өтеміз, ал жасаған амалдарымыз мәңгі қалады. Мәңгілік мекенде мұғжизамыз шапағатшы болып келерін ұмытпайық)
-Білімімді шыңдап, ізденіс үстінде жүрмін
(Түрлі жанрдағы кітаптарды оқып, ютуб каналдан пайдалы видеоларды көремін)
-2 айдан соң барша түлектердің уайымы болған ұбт тағы бар. Менде басқа түлектер секілді тестке дайындық үстіндемін
-Тіл үйренуге көңіл бөлемін
-Газет-журналдарға,сайттарға мақала, сұқбат жазып отырамын.
-Кәсіпкерлермен байланысып, алғашқы бизнесімді бастағалы отырмын
-Жуырда еңбегімнің нәтижесі ақталып, Жаратушының қалауымен жақсы хабарды да айтармын.
Ал сіз карантинді қалай өткізіп жатырсыз жас дос?