Қадірсіз қалмаңыз!

        Өмірде әркімнің өзіне берілген уақыты бар. Оны қадірлеу, үнемдеу уақыт иесінің өз міндеті. Бұл бірақ көп жанның қолынан келе бермейді. Кейде өміріңді өзгерту үшін бір тәулік, сағат, минут тіпті секундтың өзі жеткілікті. Сол себепті уақытты қадірлеуді білгің келсе...

       Бір күннің қадірін білгің келсе, ауруханада төсекке таңылған аурудан сұра. Деніңе саулық іздеп, төсекке таңылғанда әр күнің ғасырға созылғандай ұзақ көрінеді. Ауруханадағы ең ұнамсыз  дыбыс – сағат  тілінің тықылы болар сірә.

        Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

        Бір сағаттың қадірін білгің келсе, ғашығына кездесуге асыққан жігіттен сұра.  Кездесу уақытына таяған сағаттарда ішкі сезімдерің астан-кестен болып, жан дүниеңді толқытып, сезімнің ақылға бағынбайтын сәттерінде, уақыт бейне бір кептеліп қалғандай кейіпке енеді.

         Ғашықтың тілі - тілсіз тіл

         Бір минуттың қадірін білгің келсе, автобусқа кешіккен жолаушыдан сұра. Діттеген жеріңе жеткізер автобустың ендігі көз алдыңда ұзап кеткені, өкіндірмей қоймайды.  Сол сәттерде уақыт өзін еске алуға еріксіз мәжбүр етеді.

         "Мен үлгермей жүргенмен ештеңеге,

         Ешқашан кешікпейді Ажал, әттең..."

          Кейде көбімізге мардымсыз көрінетін секундттың қадірін білгің келсе, жарыс жолына жеңіске үміттене шығып, мәреге екінші болып келген жарыс қатысушысынан сұра. Ол қатысушы мен жеңістің арасын бар болғаны секунд, тіпті кейде миллисекунд бөліп тұрады. Сол уақыт үшін бар байлығын беруге дайын жандарға дүние күйіп кеткендей кейіпте болады. Барлығы сол секунд үшін!

          Уақытыңыздың қадірін біліңіз! Қадірсіз қалмаңыз!



Бөлісу: