Журналист мамандығын өзгертеді:Жедел жәрдем қызметінің бір күні

Журналист мамандығын өзгертеді:Жедел жәрдем қызметінің бір күні
жеке
блог

 

  Жедел жәрдем қызметкерлері әрдайым көмек көрсетуге дайын! Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының қызметкерлері бір күндік жұмысында мыңнан астам шақыртуларды қабылдайды. Жан азабын тартқанға алғашқы көмекке келетін ақ халаттылардың бір күндік жұмысы қалай өрбиді?

  Орталық жедел жәрдем стансасында 20 диспетчер жұмыс жасайды. Олар 103 нөміріне келіп түскен қоңырауларды қабылдап, қаладағы өзгеде 12 жедел-жәрдем станциясына үлестіріп отырады. Шақырылымдардың басым бөлігі шұғыл болып келеді екен.

  Қоңырау қабылдағаннан кейін өтініш сараланады. Одан кейін дереу GPS навигациялық аппарат пен коммуникатор бойынша жақын маңдағы жедел жәрдем көлігіне хабар беріледі. Ал мұндай бағдарлаушы қондырғы әрбір жедел жәрдем көлігінде орнатылған.

  Міне, 10-шы жан сақтау бригадасы кезекті шұғыл шақыруға шығып барады. Топ құрамында дәрігер мен екі фельдшер бар. Кезекші диспетчер жүрек талмасына ұшыраған науқастан ақпарат алғанын хабарлап, бұл топты Алмагүл  шағын ауданына  бағыттады.

  GPS бағыттаушысының көмегімен көмек шақыртылған орынға 10 минутта келіп жеттік. Дәрігерлер қызметіне жедел кірісіп, жедел жүрекке көмек беретін аппараттарды дайындады. Межеленген мекенге жеткеннен кейін аурудың жүрек соғысының жылдамдығы мен қан қысымы тексеріліп, дереу жасанды аппарат арқылы жедел түрде 12 ауруханаға жеткізілді.

Арман Садықұлы 10-шы реанимациялық бригаданың дәрігері: “Біз жүректің бірінші сатылы миокард қабынуына ұшыраған науқасқа алғашқы көмекті дереу көрсеттік”.

  Бекет Жасыбай – жас фельдшер. Жәдел жәрдем қызметі жан-жақтылықты талап ететінін жақсы түсінеді. Адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетуде жауапкершілік пен біліктілік басты талап екенін көкейіне түйіп алған.

  Жедел жәрдем қызметімен өткен бір күнде мыңнан астам шақырту түсті. Бір бригаданың өзі тәулігіне 20-30 шақыртуға барады. Осылайша 103-ке қоңырау шалған азаматтар жедел медициналық көмекке қол жеткізе алады.