Жиырма бірінші ғасырда дүниеге келгеніме қуанамын...

Неге осы ғасырда туғаныңызға қуанбасқа? Өйткені, сіз бейбіт заманда өмір сүріп жатырсыз,  (әрине, бәрі бірдей бейбітшілікте емес, бірақ әңгіме басқада) бұл заманда сіз неше түрлі дүниенің дәмін тата аласыз ғой!

Кітап керек пе, қане, неше түрлі жанрды оқимын десең, жол ашық. Проза ма, әлде ғылыми фантастика ма? Өзің таңдау жаса.

Музыка ма? Заманауи тыңдасаң да, өз еркің, джаз немесе рок тыңдайсың ба, мақұл.

Киіну стилі ме? Жақсы қыздың стереотипті киінуі; ұзын белдемше, шашы өрілген, қолында кітабы бар "ақылды қызбын" десең, жә, түсіндім.

Ал егер де, "жоқ, мен ол типке жатпаймын, әжелердің қорқынышты түсіне енемін" десең, "қара түстің іске асырылған үлгісімін, басымды қатырма" десең, жарайды, оған да келістік.

Тіпті, шаш үлгіңізді 50-60-шы жылдардағыдай қылып сәндеп алсаңыз да болады, бұл сіздің креативтілігіңіз.

Айтпақшы, бұрынғы заманда кейбір түстердің болмағанын да ұмытпайық. Ол технология секілді заман өте келе, адамдардың дамуымен пайда болды, сол себепті де біз қазір түрлі түстер палитрасына куә болып отырмыз.

Яғни, айтарым, бұ заманда таңдау көп. Өткен мен бүгінді тоғыстырып, жан жақты адам бола аласыз, немесе, өмірдің тек заманауи ғана жағын мойындай аласыз. Бұл - сіздің еркіңізде.

Мен айтпай қалған өмірдің аспектілері көп-ақ. Ал сіз 21-ші ғасырдың қандай тұсының болғанына қуанасыз? Өзіңіздің пікіріңізбен бөлісе отырыңыз.



Бөлісу: