Жарты жылда бір кірем, жуа салу қиын ба?!
блог
(Жатақхана жыры 1)
Есік қаққан соң "ашық" деп дауыстадым. Әдемі келген қыз бастап артында бейтаныс жолдастары бар кісі (әріптестері екенін кейін байқадым) кіріп келді. Күтпеген қонақтарды көріп орнымнан атып тұрғаным сол болатын, бойжеткен әкіреңдеген кейіппен: " Почему не моешь посуду?" деп дүрсе қоя бермесі бар ма. Бөлмеде жалғыз өзім, оның үстіне тамақ ішіп болып жатқан бетім - тұтығып қалдым)) Сасқанымнан қызға да артындағы ағайға да "бөлмеме неге аяқ киімдеріңізбен кіресіздер?" деп ашулана кеттім. Қызда үн жоқ, шегініп шығып бара жатыр еді, тексеріп жүрген қызметкер "жарты жылда бір кіреміз, жуа салу қиын ба?!" дегені. "-Жақсы, жақсы" деп басылдым да қалдым. Одан соң соққыдан майысқан шкаф есіктеріне көз салды. "Мұнда боксшылар тұра ма?" - деп қағытып қойды. Қарсы шығып, шаптыққанымнан не пайда... Иәға жақсыны қосып шығарып салдым.
Негізі онда тұрған ештене жоқ. Жәй ғана айтқым келген нәрселер мыналар еді ғой:
1. Қыз да, қызметкер мырза да амандықтан соң өздерін таныстырса болар еді! (Екеуін де танымаймын, қыз староста екен, білгем жоқ бұрын). Мән-жайды айтқан соң барып тілге келсе кез келген адамға сөзін өтеді емес пе! Сөз етіп отырған "лауазымды тұлғалардан" мұндай сыпайгершілік байқамадым. Мүмкін студент деп менсіңбегені болар... (мойындаймын сыпайылық танытуға міндетті емес, сонда да)
2. Аяқ киіммен баса көктеп кіру ол кісілерге лайық іс пе еді? Мәдениеттілікті сол белсенді аға-апаларымыздан үйренбеуші ме едік деп ойлаймын. Біреуге тазалықты сақта деу үшін де тазалық сақтау үлгісін бірінші болып адам өзі көрсетпеуші ме еді?!
3. Кеткесін жуу қанша қиын, біз оған лайқтымыз деген сарыңдағы сөзі де көне таптық бөліністің көкжиегін көріп қал дегендей әсер қалдырды. Өкілеттілігіне мойынұсынған соң студенті ретінде "сүрте сал" дегеніне көндім. Бірақ ол кісінің бұлай айтуы да дұрыс сөз емес! Өйткені заңдық тұрғыда да, адамгершілік хақында да әділдік менің жағымда.
Айтпақшы ол ағайдың жаңашырлығына риза болдым. Кетерде өздерің үшін "сынық айна ұстамандарсай" деді! Бұнысына рахмет енді.
Үлкендігін, міндеті сол екенін ескеріп көңіл шіркін сол мезетте кешірім берген. Ешкім-ешкімге тәуелді емес, ашулы емес! Ол кісілерге бағыну міндет, бірақ бейтаныс адамдарға емес. Кемшілігі сол таныстырмаған соң дөрекілік танытып қалғаныма өзім де ыңғайсызданып отырмын...