21 жасымда тұрмыс құрдым. Бұрындары анашымның бір сөзіне екі сөз қылып қайттаратын бойжеткен "ана" атанды. Алланың қалауымен бір жылдан соң сәбилі болдым. Есімі-Жансая. Салмағы- 3.3 киллограмм. Бойы-58см.
Өзім студент болғандықтан баламен бірге сабақ оқу қиынға соқты. Басында, бәріне үлгеру мүмкін емес сияқты көрінді. Бірақ, үлгердім. Биыл қазіргі таңда дипломдық жұмыспен әлекпін.
Кішкентай балапаным бір күні қатты ауырды. Не жасарымды білмей қамықтым. Ауруханадан бірақ шықтым. Ауруханадағы диагноз: "Мына бала қатты ауырып тұр екен. Жағы ісігеніне қарағанда, ірің бар. Сондықтанда, кесу керек" деді. Осы диагнозды естіген сәттегi менің түрімді көрмей-ақ қойыңыз. Тіпті, қорқынышты қойылымнан бетер болдым. Балапанымды ұстап жылап жібердім. Өзімді қоярға жер таппадым. Баламның жанында өзімді әлсіз әрі дәрменсіз сезіндім. Ұйқымен де күлкімен де қоштастым. Ендігі бар үмітім аурухандағы дәрілерде. Олар не жаса десе, соны жасаймын болды. Ең бастысы, баламның саулығы болды. Ісік одан сайын өсті. Кішіреймеді.
Бірақ жағасындағы ісік бола балам еш мазасызданбады. Ұйқысы тыныш. Тамаққа тәбеті жақсы. Бір жағынан соны ойлап, үміттеніп қоямын. Азанда дәрігер келіп: "2 сағат емізбе, қазір жағына ине сұғып көреміз. Егер иненің ұшы ірің болса кесеміз. Іріңболмаса, онда без шошынған" деді.
Аяқ-қолым дірілдеп кетті. Не жасарымды білмедім. Жолдасыммен ақылдастым. Ол маған: "Жаным мен сені жақсы түсініп тұрмын. Бірақ, енді ғана өсіп келе жатқан балаға наркоз салып, кескен не сұмдық. Ауруханадан шық." деді. Ойланбастан балама қолхат жазып ауруханадан шығарып алдым. (қазір ойласам, қандай батыл қылық жасағам қорықпай)
Бірнеше күннен соң қайын атам қарапайым тастың майын әкеліп беріп, жақтық. 5күннің ішінде жоқ болып кетті. Ешқандай ірің емес екен.
Пы-сы: Осы орайда тағы бір жағдай есіме түскені. Менімен уақыты бір бойжеткен УЗИ-ге түскен соң жылап шықты. "Мына баланың басында ісік бар екен.Ертең алдыртаммын" деді көзі мөлдіреп, екеуіміз асханаға барып, бала жайлы сөйлесіп отырдық. Содан ол баланың қандай жағдайда болса да туатынын және УЗИ-дің сараптамасын үйдегілерге айтпайтын болып шешті. Сөйтіп, босанса ол ісік емес басында орын алған "қал" екен. Сондықтанда дәрігерлердің сауатты болуына қатаң заң шығарса екен! Мен қазіргі таңда ауруханаға барып, жазылам деген ой келмейді.Ауруханаға барудан қорқам. Әрине болған жағдайдың ізімен жазып отырмын. Бірақ көпке топырақ шашпаймын. Жақсы, сауатты дәрігерлер бар. Бірақ, оларды итпен іздеу керек.