Жалқаулықты жеңудің 7 жолы !

 

 

Азған ойлар, безген көңіл торлап оның кеудесін,

Жеңіл ойлап, кеше кетті тағы ұқалап бейнесін.

Жалқау жүйрік бола мекен шабатын?

Қайдан көрдің оның бәйге алғанын?!

Керек емес оған мықты тұлпар да,

Арқасында жалқаулығы тұрғанда.

Арсыз, тойған, жатып ішер сол болса,

Жаны ашымас оған тіпті құрдас та.

Ертең атып бүгінгі күн тағы да,

Бүгінгі іс қалар ертең жайына.

Төбеңді биік, тұлғаңды өр қоймасаң,

Іс бастама, қор қыларсың оны да!-дей уәж дейін бе, реніш дейін бе бұл сөзімді? Қалай жасырсақ та, жария салсақта жалқаумыз! Бәріміз, жалқаумыз! 

Жалқауға дәулет орнына ұйқы береді,

Жаманға ақыл орнына күлкі береді. Жауды жеңу үшін оның түр әлпетін зерттеп алуың керек. Дәл сол сияқты-жалқаулық бізге жау! Бірақ ол тек қана біздің ми қатпарларымызда қалыптасқан жау.Оны жеңудің жолы оған дос ретінде емес, жау ретінде қарап онымен күресу керек. Адамға пайдасынан зиянын тигізетін бұл әдет не індет, көп адамды жаулап алған өкінішке орай рас.

Оның себептерін айта кетсем: 

Ең көп тараған ол "сәтсіздік қорқынышы" адам не нәрсені бастамас бұрын қорқыныш және сенімсіздік болады. Яғни өзінің күшіне және ойына сенбейтін кез. Ол кезде адам бір іске баруға ерініп, қосымша сенімсіздігі де бар. Шешімді соңғы сәтте қабылдап, ал ол қабылданған шешім теріс нәтижесін бермей, жалқаулық пен сенімсіздікті қоректендіретін жаман әдет қалыптастырады.

Физикалық немесе психологиялық тұғыда шаршау. Ия, бұндай жағдай болатыны құпия емес. Бұл кезде жұмыс жаса, шаршама дей алмаспын, бұндай кезде ұйықтап, тынығып, өмірлік энергияны толтыруыңызға кеңес беремін. Яғни, еріншектікті жеңу, бір бөлек, уақытылы тынығып алу бір бөлек.

Күйзеліс.  Пенде жаратылысында, адамның тағдыры әр-түрлі. Өмірлік  проблемалары кейде жан дүниеге соққы болып тиіп, жұмыс жасап, дамуға шамасы келмей қалатын жағдай болады. Бірақ, өмірде бәрі уақытша, қайғы мұң кетеді. Оның орнына еріншектік пен бір іске құштарлық артта қалады. Адам боласы сөйтіп оны еріншектік деп күреседі де, бірақ ол күрескені ұзаққа бармайды, қайта келіп екі есе соққы береді. Оның орнына неге мен бұл істі жасағым келмейді деген сұрақ қойып, соны шешуге тырысу керек.

Әлсіздік. Қазақтың бойына ана сүтінен дарыған нәрсе. Бір нәрсені бар ынтамен істеуді қиын көретін жалқау, одан бір нәтиже күтуді ойлайды. Өз нәпсісін жеңе алмаған адам, ешкімді толық жеңіп жарытпас. Әлсіз адам мәселенің жаңа мүмкіндік беретінін білмес.

Мотивацияның жоқтығы. Тони Робинс атқандай,"орындалмайтын арман жоқ, жәй ғана шабыттандырмайтын мақсаттар бар" деген. Мотивацияны адам барлық нәрседен ала алады, ең бірінші ол бүгінгіден ертең күштірек болуға деген талап. Екінші,арман үшін күрес және мақсаттың айқындығы сонша ұйқы, күлкі, нәпсіңді тию үшін жасатын еңбек.

Ал, енді қысқаша бұл қателіктер барлық жанның дүниесінде мекендеген. Әлі шыға алмай, дуал мен дуалға бас соғып, қиын жағдай төңірегінде белең алып қойған. Бұл мақаланы жақсы әдет қалыптастырғысы келгендер оқуда деп ойлаймын, өткені ниетіңіздің өзі - жеңіс! Керек жерін түртіп, жазып алаңыз.

1. Будильниктің бірінші соғуынан ояныңыз.

Ия, бұл ешкімге құния емес "тағы 5 минут, сосын міндетті түрде оянамын!" деген сөзді әр күннің таңында құлағыңызға сыбырлайтын жауыз ой. Есіңізде болсын, таңыңызды нәпсіңізді жеңумен оянсаңыз. Күніңіз сәтті өтеді!

2.Физикалық жаттығу.

Өзіңізді сергек сезіну үшін,  күнде таңертең 3-4 минут жаттығу жасауды әдетке айналдырыңыз. Миыңызды бұл нәрсеге жылдам қалыптаса қоймас, бірақ қандай әдет болмасын қалыптастыру үшін 21 күн керек дейді. Көңілді билеп, отырып тұрып, Түрлі жаттығу жасай қанның айналымымен мидың жұмысына әсер етеді.Сондықтан күшті қолға жиып ап, жақсы әдет қалыптастырыңыз.

3.Өз мақсаттарыңызды жазып қойыңыз.

Ол кәдімгі сабақ оқу, жұмыс жасау, киіну, тамақ ішу емес. Сізді таң азанмен оятатын мақсаттар. Шабыттандырып, ойлаған кезде құштарлық ашылатын. Мәселен,

-6 айдан соң мен Түркияға барамын, немесе

-2 жылдан соң мен машина аламын. 

-мен 400000 доллар 1 жылда жинап, үй сатып алуға әрекет жасаймын, деген секілді. Оқыған кезде ойша және физикалық түрде елестетіңіз. Бұл сізді бір минутта дамыл бермейтін дабыл қоңырауы болады. 

4.Барлық уақытыңызды алатын желіден шығыңыз.

Күнделікті ғаламторды 2-3 күнге өшіріп, нәтижесін қараңыз. Сізде өте көп бос уақыт пайда болады. Ісіңіз алға басып, пайдалы әрекеттермен айналысып, жігерңізді өсіріп, еріншектігіңізді жеңесіз.

5. Дәл қазір басатаңыз.

Артық әңгіме, бос істі қойыңыз. Ниетіңізден айналдым, осы беттен таймай, жақсы әдет қалыптастырсыңыз, өзіңізді өзіңіз шыңдап, тәрбиеге баулу, қолыңыздан келеді.

6.Өзіңізді өзіңіз мақтаңыз.

Бір істі сәтті аяқтасаңыз, өзіңізді мақтаңыз, өйіткені дәл сіздей өз құныңызды ешкім білмейді, дәл сіздей ешкім жұмыс істемейді, бұл сіздің жетістігіңіз және еріншектен ЕҢБЕКҚОРҒА жасайтын қадамыңыз!

7.Өміріңіз бен бөлмеңізді тазартыңыз.

Адамды көзімен көргенде тазалық, жүрекпен сезгенде ниет алға жетелейді. Сондықтан оны таза және пәк ұстау сіздің қолыңызда. Бөлме немесе жұмыс жасар жеріңізді тазартыңыз, хош иістендіргіш қойыңыз, сүйікті адамыңыздың, отбасы немесе, арманыңыздың суретін қойып қойыңыз, күнде мақсатңызды есіңізге түсіріп, өкпе, реніш, қайғы, деген нәрселерден тазартып тұрыңыз ойыңызды. Бәрі жақсы боларына және тек сіздің күшіңіз бен сенімңіз арқылы барлығы дұрыс болатынын, бірінші өзіңізге дәлелдеңіз!

  

НАЗАР САЛЫП ОҚЫҒАНЫҢА АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ, НИЕТІҢНЕН АЙНАЛДЫМ!

 

 

 



Бөлісу: