Жақсы қасиет - жаныңды жадыратар
блог
Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақытта қонбайды. (Ж.Баласағұн)
Адам - бұл дүниеге қонақ.Осы алдамшы дүниенің аласы да, қарасы да беймәлім, әйтуір өмірде сыйыспай жүрген бір адам.Сол адам дүниені шайқап, астан-кестеңін шығаруға батылдығы жетіп жатса, енді бірі өмірден баз кешіп, өз арнасын таппай, адасуда.Айналаңа көз жүгіртіп қарасаң бірде шөл, бірде көл боп жүрген, бірде бақытты , енді бірде бақытсыз боп жүрген жұтаң халық, бір пенде.
Адамның басындағы бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты делінгенхадисте.Азғынға жол алдырмай,жауыздыққа бет қақтырмай, озбырлықтан бойын аулақ ұстаса бақыттың кілті құлпын өзі-ақ ашар еді.Мына қоғамда бұртиып ап, бұлтиып ап жүрген бір адам.Жылулық сезім, сәуле шашқан күн нұрын бұл дүниеге күліп қарасаңда көрмейсің.
Адамды өзгертетін адамдар дегенге бір бүтіндей қосыламын.Мысалы, екі адам бір-біріне жылы жүзбен жымиып, жақсы сөз айтып, жағымды жауап қатса айып болмас.Жақсы қасиет, міне осындайдан бастау алады.Мұхаммед Пайғамбар хадисте "көркем мінезді болыңдар" - деп лағынет айтуының өзі бекер емес.Себебі, жұмақ бойында жақсы қасиеттері бар, көркем мінезімен сараланған пендеге бұйырады.Ех, шіркін алдамшы дүниеге мас болып, алауыздықтың отын жағып, біреуге зор болып көрінгенімен, шындығында сор болып жүрген кейбір жұмыр басты пенде осыны түсінсе ғой.