Шыр етіп ,кеше ғана дүние есігін ашқан бес күндік жалған-ай.Сырғып өткен қатал уақыт-ай....
Бір сәт балалық шағыңызды көз алдыңызға елестетіңізші...Кеше ғана,жамандық атаулыны білмеген,сәби едіңіз ғой.Мектеп оқушысы әлде жалпы балдырған бала едіңіз...Жаныңызды қуаныш кернеген сәттерге оралыңызшы...
Дегенмен,тақырыптан ауытқымайын.Себебі,мен бұл жазбамды көңіліңізді түсіртер ниетте жазбақ ойдан аулақпын!Қайта тұнжыраған көңіліңізге,жалғанның қамынан шаршаған санаңызға серпіліс берер ниетте жазбақпын.Мына, сырғып өтер жалған фәниде дұрыс өмір сүруіңізге тағы да бір негіз,бастама болсын,өзіме де, өзгеге де ой саларлық блог болсын деген ойдамын.Бұл ойға негіз болған батыр атамыз Бауыржан Момышұлының келініне айтқан мына сөздері:"Адам өмірге,мына жарық дүниеге жылап келеді.Ата-ана,туған-туыс, айналасы шат-шадыман қуанады.Кетеріңде өзгелер жылап,өзің ризашылықпен қуанып кететіндей істе",-дегені.Қарапайым сөздерінде қандай философия жатыр десеңізші!Мен бұл жазбаны оқыған сәттен-ақ біздің кішкентай мәселелерге сонша тұнжырайтынымызды есіме түсірдім. Ал,шын мәнінде мына өмірдің мағынасын түсініп,сол балалық адалдығымызды,бойымыздағы адамгершілікті жоғалтпай ғұмыр кешуге не жетсін,шіркін!Бізді,яғни адамзат қауымын құртатын ,көреалмаушылық,шектен тыс ойлану,өтірік,арамдық қасиеттері десем келісесіздер ме?Шын xақында,бұл керек пе?Әрине жоқ."Адамның күні адаммен"дейді емес пе?Ендеше бір-бірімізді қолдап,қолпаштап,көмек көрсетіп,қуантып өмір сүргенге не жетсін.Жасаған жақсылығыңыз ешқашан марапатсыз қалмайды.Адам тарапынан болмаса ,Жаратқан тарапынан...Олай болса,уақытымыз сарқылған сәтте,Жаратқан алдына ұялмай бару үшін қазірден бастап,барлық тұрғыдан "жақсы адам" атына лайық саналы ғұмыр кешейік!!!