Инвестиция туралы түсінік

Тәуелсіздік тұғырын ту еткелі Қазақстан экономикасы нарықта жетекші орын алып келеді.Бұған себеп еліміздегі инвестициялық саясаттың өсуі. Ең алдымен инвестиция сөзіне тоқтала кетсек.Латынша инвестиция сөзі инвест-салу деген сөзден шыққан. Сонымен бірге киіндіру яғни  табыс алу деген мағынаны білдіреді.Бұл дегеніміз инвестиция - қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық  бағдарламаларға немесе иновациялық жобаларға құю болып табылады.

Бірақ инвестициялар құйылған мерзімнен бастап бір немесе бірнеше жылдан кейін пайда келтіруі мүмкін.Қаражатты инвестицияға құярда арнайы заңды тұлғаларға жүгінуі тиіс.Оны инвестор деп атайды.Жалпы инвестицияның түрлері өте көп.Солардың ең негізгілеріне  - шетелдік, мемлекеттік, жеке, өндірістік,  интелектуальды, бақылайтын және бақыламайтын түрлерін жатқызуға болады.Қарапайым халыққа инвестиция сөзі таңсық көрінеді.Өйткені, инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады.Қазақстан 2020 бағдарлама аясында елбасы Н.Назарбаев айтып өткендей Қазақстан - XXI  ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасауы шарт.

Мұны іске асырудың алғы шарттарының бірі - шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлу.Осы тұрғыдан алып қарасақ инвестиция дегеніміз - табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, обьектілері, ақша қаражат технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік интелектуалдық құндылықтар.Елімізде  күнделікті қолданыс аясындағы инвестициялар-  табиғи активтерге,ақша активтеріне, материалдық емес активтерге арналған инвестициялар қызмет етеді.Мысалы табиғи активтерге өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, машиналар мен әртүрлі жабдықтар , пайдалы қазба орындары т.б жатады.Ал ақша активтеріне - банкіде -депозиттер, акциялар, несиелер, қарыздар т.б .Материалдық емес активтерге  лецензия алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.Инвестиция іс -әрекеті нәтижесі пайда табуға көзделеді.Бір өкінерлік жағдай кейбір инвестиция пайда әкелмей, керісінше үлкен дағдарыс әкеліуі мүмкін.



Бөлісу: