Халықтың ана тілін толық білуі-жеңіс!

Халықтың ана тілін толық білуі-жеңіс!
жеке
блог

«Вконтакте» әлеуметтік желісінде "Ұлы Қазақ Елі" деп аталатын топта отырған едім.Жалпы бұл қазақтың құдіреттілігін насихаттайтын топтардың бірі және өздерін "Қазақстандағы ең үздік патриоттық парақша!" деп санайды.Сөздің шыны керек, жазбалары мағыналы әрі астарлы ойға ие.
Сонымен, бір күні намысыма тиіп,қанымды басыма шағырған бір жазбаны көзім шалып қалды да,«КӨРСЕТЕМІН САҒАН ӘЛІ»деп ойладым.Өкінішке орай, жазбаның жаны бар.Ол жазбада «Италияның қазіргі заманғы кәсіпкері Реналью Гаспирин: 
«Мен әлемнің 141 елін аралаған адаммын. Солардың ішінде, өз мемлекетінде, өз тілінде өмір сүре алмай отырған, бейшара халықты көрдім. Олар — қазақтар», — деп жазыпты.»
 деп жазылған.
Кең байтақ пейіліміз бар,ұлан ғайыр жеріміз бар,қазыналы тарихымыз бар, дана елбасымыз бар, ал тіліне жанашыр халқымыз,қоғамымыз неге жок?


Қанға сіңген қазақтықтан қашқан заман,
Ана тілсіз қалай өмір кешпек адам?
Өшсе тіліміз елдігіміз кетеді-ау,
Жақсы өмір сонда болар бізге арман,
Не ойлап жүр, не істемек мына қоғам?
Түбін білмей,қарайып, тайған жолдан.