Есте қалған жаз кезі...
блог
Жаз айы. Күн шайдай ашық, ауа-райы сондай тамаша. Нағыз көлге баратын кез еді. Сұлтан таңертен ерте тұрып, серуенге шығып, біршама жүгіріп қайтады. Үйіне келгенде ақ дастархан жайылып, шай дайын тұр екен, ал алдында күлімсіреп отқан анасы Сұлтанды күтіп отыр. Анасы екеуі таңғы асын ішіп, әңгімеге кірісіп кетеді. Жүрек жалғап алғаннан кейін Сұлтан өз бөлмесіне жүгіре жөнелді. Бұны түсінбеген анасы баласының артынан еріп барса, Сұлтан ұялы телефонмен сөйлесіп жатыр екен. Тұтқаны қойғаннан кейін, анасы одан жөнін сұрастырды. Сөйтсе, телефон шалған Сұлтанның достары екен, олармен көлге баруын, барлық сыныптастар сонда жиналатыны жайлы айтыпты. Ол анасынан рұқсат сұрайды, себебі достарын көрмегелі көп болды. Анасы мақұлдап, баласына рұқсат береді. Сағат түскі үш болып қалды. Сұлтан үйден шығар кезде, анасы оған көп кешікпеуін өтінді. Бірақ ол анасының айтқанын естімей, үйден тез шығып кетті. Достарымен көрісіп, бір көңіл көтеріп қалды. Сыныптағы қыздары сұлу, әрі әдемі болып кетіпті. Әсіресе Балкен, ақылына көркі сай, бойы да өсіпті. Бәрі бір-бірімен әңгімелесіп, бой жазып қалды.Сағат кешкі сегіз. Балалар көлден кейін үйге емес, мектеп ауласына барып біраз әңгіме-дүкен құрып, отыра тұрмақшы болды. Алайда, Балкенжан үйге қайтпақшы болды, себебі анасы қоңырау шалыпты. Енді бәрімен қоштасып кетіп бара жатқанда, Сұлтан Балкенді тоқтатып, үйге дейін шығарып салуын өтінді. Екеуі бәрімен сау-саламатта болып, Балкеннің үйіне қарай тартты. Енді жүре бергенде, Сұлтан Балкеннің сөмкесін өз қолына алды. Сөйтіп, жол бойы әңгімелесіп, үйге қалай жеткенін де аңғармай қалыпты. Екеуі біраз далада тұрды. Балкен Сұлтанға қарағанда көздері жалт-жалт етеді, қуанышында шегі жоқ, себебі Балкен Сұлтанды ұнататын, алайда оны білдіргісі келмеді. Екеуі тағы біраз әңгімелесіп тұра тұрды. Ендігі Балкенге үйге қайту керек болды. Ол Сұлтанның қолындағы заттарын алып, үйге кіріп бара жатқанында, Сұлтан оған күлімсіреп, " сау бол"-. деп жылы жаймен карады. Балкенде күлімсіреп, кері жауабын қайтарды. Сағат тоғыздың шамасында, Сұлтан үйіне қайтты. Жол бойы Балкен есіне түсіп кете берді, неге екенін өзі де білмеді... Сұлтан үйіне келгенде анасы теледидар көріп отыр екен. Анасының жанына келіп, құшақтап, қасына жайғаса қалды. Солайша Сұлтан кешті анасының жанында өткізді. Арада бір ай өтеді. Міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз де келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Сұлтан он бірінші сыныпқа көшті. Білім күні достарымен қауышып, бір сыныпқа кірді. Бәрінің жайдарында күлкі, өмірге сондай мәз. Мұғалімнің өтініші бойынша, бәрі бір-біріне сұрақ қоя бастады. Сұлтанға " Қыздар арасында ең жақын досың кім?" -, деген сұрақ түсті. Орнынан түрегеле, ең жақын досым деп Балкенге қол сілтеді. Балкен не қуанарын, не мұнайарын білмеді. Үйге келгеннен кейін Балкен осы жайт туралы біраз ойланды. Сұлтан оған тек дос ретінде қарайтынын есіне алғанда, жүрегіне ауыр тас тигендей болды. Ертеңіне бұл туралы ұмытып кетті, себебі сабағы одан сайын қиындай түсіп, ата-анасымен, тіпті достарымен көңіл көтеруе уақыты болмады. Сабақ ойлауды, оқуды жөн көрген Балкен, қолына тест кітапшасын алып, жаттай бастады. Алайда, үміті әлі үзілмеді...