"Есірткісіз өмір ғажайып!" #ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына

"Есірткісіз өмір ғажайып!" #ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына
жеке
блог

«Есірткісіз өмір ғажайып!»

 

 

 «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,

                                 қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,

                                   туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»

Н.Ә.Назарбаев

Есірткі деген тақырып қозғалса, әдетте адамдардың ойына есірткі, соны пайдаланатын нашақор адам түседі. Ал, менің ойыма ең басты мәселе біздің болашақ өміріміз түседі. Біздің болашағымыз қандай болады екен? Ата-бабаларымыздың шелектеп төккен қанының, терінің арқасында бізге жеткізген елін, жерін біз келесі ұрпаққа жеткізе аламыз ба? Егер жеткізсек, қандай күйде? Міне, осы сияқты көптеген мың сұрақтар маған маза бермей ойландырады. Осы сұрақтың шешімін тапқым келеді. Менің өмірге, қоғамға қызығушылығым өте жоғары. Сондықтан, мен өмірді қалаймын! Қай адамның болмасын жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. «Ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»,- деген сөзді көп естимін. Ойланып қарасам, шынында да, отбасында алған,көрген тәрбиемізді қоғамдық ортада көрсетеді екенбіз. Кейбір балалардың мінез-құлықтары тіпті оғаш көрініп тұрады. Неге? Әрине, тәрбиеден.

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы - шағын мемлекет. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысады. Отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенің арқасында бала көкірегі ояу, есті болып өседі. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта деп ойлаймын.

  Өзім қарапайым,берекелі саналатын отбасынанмын. Себебі,асқар таудай-әкем, аққан бұлақтай- анам, жағасындағы құрақтай балалары бар.Мен өзімді ең бақытты жан санаймын. Себебі, отбасым бар. Ол берік,бірлігі бар отбасы деп есептеймін. Атам  мен әжем  отбасында әрдайым өз ақылдарын айтып отырады. Жаман іс пен жақсы істерді ажырата білуге үйретеді. Кешкілік ас үстінде әкем көп мағыналы әңгімелер айтады. Содан жақсысын алуға тырысамын.Ата-анама жаман сөз тигізгім келмейді. Ал, отбасында бірлігі жоқ адамдар жылылықты басқа нәрседен іздейді.Ішімдікке,темекіге,есірткіге әуес болады. Қанша адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен улы зат болса да, бұл  әлі де тиылар емес. Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды.  Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді. Тек қана жастар ғана емес ересек кісілер де, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты улауда. Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпасада, әуел бастан анық. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтады. Өйткені, бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар. Отбасында жылылық көрмеген жан ,әрине, жылылықты осы есірткіден іздейді. Бір шырмалаған жанның онан құтылуы оңайға соқпайды. Алғашқыда  жансызданып,сезімсізденіп бүкіл жамандықты ұмытқысы келіп, рахат сезімге бөленеді. Содан соң ол әдетке айналып, еш арыла алмайтын дәрежеге жетеді.Ал одан саналы, салауатты ұрпақ дүниеге келе ме?...  Әрине,жоқ. Сондықтан да есірткінің алдауына түсіп қалмаған жөн. 

Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, аға­йын­ның татулығы – Атамекеннің тұтастығы

Қорыта айтатын болсам, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал, барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында.

Қызылорда облысы,

Е.Әуелбеков  атындағы дарынды балаларға арналған

№4 облыстық мектеп-интернатының

7 «Б» сынып оқушысы Манапов Қанат

 

#ҚЗОПДЕҚҚІҰбайқауына

@upndpkzo