Шоу бизнестегі шу өмір... Сенің дарының мен ғажап дауысың көпті қызықтырып та, қызғандырып та үлгерді. Ылғи алдыңнан біреулер келіп, түрлі гүл шоқтарын сыйға тартып жатады. Шу өмірде көре алмаушылықтың да қатар жүретінін білесің ғой... Білесің. Шу өмірде соңыңнан талай өсек еріп, кім сені кіммен қосып, кіммен ажыратпады... Əлде бұл сенің танымалдығыңды арттыратын қара пиар, немесе сұмырайлар шығарған қара қиял... Мен ол жағын білмедім. Бірақ бұны біреулер шындық деп жатады. Сенбеймін! Жоқ! Мүмкін емес! Сенбеймін!
Бақыт тыныштықты қалайды деуші еді. Менің өмірімде де еш тыныштық жоқ. Бизнес, бәсекелестер, одан əрі жаулар жалғасады, күн түнге алмасады. Сені сүйгендіктен ақын болып кеттім бе, қалай өзі? Сенсіз талай уақыт өтті. Көзіңді мұңнан қашан арылтар екенсің? Мүмкін, бəріне мен кінəлі шығармын...
Концертте сенің демеушің мен екенімді білгенде не ойладың? Не сезіндің? Сен сахнада тағы да бір əніңді орындау керек едің ғой. Неге кетіп қалдың? Концерттен соң:
- Кеш керемет өтті! Талантыңа тəнтімін! - дедім мен жаныңа барып. Айлы түн еді ғой. Су жағасында тұрғанбыз. Үндемедің. - Өзгермепсің. Баяғы қалпыңдасың, жанарыңнан мына жас неге тыйылмайды? - Тағы да үнсізсің. - Қайтадан бірге болайықшы...
- Жоқ. Ол мүмкін емес. Сен мені сүймейсің...
- Сені сүйетінімді біле тұра неге бұлай дейсің?
- Өзің солай дегенсің.
Саған басқа ештеңе айта алмадым. Сөзден жеңілдім. Бəріне өзім кінəлімін. Көкейіңде талай сұрақ сұңқылдап тұр. "Сенің аяғың..?", "Тез арада бəрі қалай өзгерді?".
Уақыт зулап өтіп жатты. Арада тағы бір жыл сырғып өтті. Бəрінен шаршадым... Сені қайтадан сағына бастадым. Іздедім... Сенен қол үзіп қалған соң сенің қайда жүргеніңді біле алмадым... Бəрінен бас тартыпсың. Өнерден кетіпсің... Мен де мына байлық, бәсекелестік, күн сайынғы уайымнан шаршадым. Жалғыз қалдым... Айсұлу да қайтты... О дүниеге... Өмірдің еш мəні қалмаған сияқты. Мен де бəрін жайына қалдырдым. Қолымды бір-ақ сілтедім.
Сені ойлайтын кең ауасы бар саябаққа келдім. Күз еді ғой сол кез... Есіңде ме?.. Баяғыша мотоцикл айдаған жігітке айналдым. Күзгі бақта ойға шомып келе жатсам сол баяғы орында, сол баяғы орындықта сен отыр екенсің. Үстіңдегі пальто өзіңе қандай жарасып тұр!
Түк болмағандай жаныңа келіп жайғастым.
- Күн суытып кеткен бе? - дедім.
- Тым ақылды сұрақ қоймашы... - дедің сен.
- Тоңбадың ба?
- Тоңдым.
- Бəрі бекер екен.
- Не?
- Мүмкін, мотоциклмен серуендерміз?
- Қашанғы мотоциклмен жүре бермексің? Үлкен отбасы болғанда да мотоциклде отырамыз ба?
- Бір жолға мотоциклде отыра тұрайық.
- Жақсы.
* * * * *
Қымбаттым, Бағым! Бақытым, бүгінгі отбасымыздың он жылдық мерекесі құтты болсын!
* * * * *
Ертас, маған хат жазба деп қанша айтамын. Менің қазір отбасым, төрт балам, күйеуім бар. Мен саған баяғыдағыдай тұрмыс құрмаған жас қыз емеспін ғой. Ендігі хатыңды үйдегі Ерекең көрсе екеуімізді де өлтіреді.
* * * * *
Солай оқырмандар! Біз қазір Бағым екеуіміз бақыттымыз! Бүгінде оның көзінен тек қуаныш пен бақыт көремін. Ол - менің "Бағым", менің бақытым. Енді оған хат жазбаймын:)) Тек оны анда-санда сол жастық шақтағы Ертас мазалап тұратыны бар.