Білесің бе? Қоңыр күздегі көңілсіз өміріме көрік берген тек өзіңсің, Бағым! Сенімен бірге өткізген əр сəтім мəн мен махаббатқа, қуанышқа толы еді. Аспаннан түскен сары жапырақтар екеуіміздің осынау бақытымызға төгілген алтын шақырулар іспетті...
Қараша айының қара суығы менің тəнімді тоңдырса да, жанымды тоңдырмады. Себебі, жанымда сен бар болатынсың. Сенің бір жылы сөзің мені жылытып, бір жымиюың жадыратып жіберетін.
Тағы бір кеш. Тағы да екеуіміз. Жағалауда отырдық. Су беті самал желмен тербеліп тұр. Дала сондай суық болса да сен оны маған сездірмедің.
- Сонымен, сенің арманың не? - дедім мен саған.
- Арманым - талантымды бүкіл елге көрсетіп, елдің сүйікті қызы болу, əртіс болғым келеді. Себебі, əкем соны армандаған. Ол да əн салатын, гитарада ойнайтын. Ал мен пианинода ойнай аламын. Саған үйретейін бе? - дедің сен маған қуана қарап.
- Иə. Мен де музыкаға қызығамын, - дедім мен сені қолдап.
- Ал сен кім болғың келеді?
- Мен бе? Мен футболшы болғым келген. Бірақ маған біреу " - сенен ешқандай футболшы шықпайды, сен қарақшысың," - деген. Содан соң мен өз арманымнан бас тарттым. Менде қазір бір ғана арман бар. Ол...
- Ол не? Айтсаңшы, - деп сен мені түрте бастадың.
- Ол - бір "жұлдыздың" бақыты болу, - дедім мен өткендегідей түнгі аспанға қарап.
- Сен ұшқыш болғың келмей ме? - дедің сен маған қарап.
- Ұшқыш дейсің бе? - деп мен ойланып отырдым да, - иə, жақсы мамандық. Болғым келеді, əрине.
- Онда сен ұшқыш бол. Сонда сен "жұлдызға" жақындай түсесің, - дедің сен. Менің сөзімнің астарын түсінген сияқтысың. Сен, шынында, жұлдыз едің.
- Ертааас, - деп сен менің қолымнан ұстадың, қалың ой құшағында отырған мен селк ете қалдым. - Не ойлап отырсың?
- Жəй. Сен физиканы жақсы білесің бе? - дедім мен асыға сөйлеп.
- Иə, не боп қалды? - дедің сен абдырап.
- Онда мені ҰБТ-ға сен дайындашы.
- Жақсы. Қуана-қуана дайындаймын, - дедің сен.
Келесі аптадан бастап екеуіміз сабақтан соң қалып, ҰБТ-ға дайындалатын болдық. 28-кабинет. Сені осында күтіп отырдым. Бір кезде сен сыныпқа кіріп келдің.
- Ал дайындықты бастаймыз ба? - дедің кітаптарды парта үстіне қойып жатып.
- Бастайық...
- Байжанов, тақтаға шық, - дедің сен мұғалімдерше, мен де сабаққа дайындықсыз келген мүсəпір оқушы секілденіп, тақтаға шықтым. - Ньютон ашқан заң қандай? Формуласын тақтаға жаз, - дедің. Мен ойланып басымды қасып тұрғанымда, - Отыр, Байжанов, дайын емессің, екі, - дедің. Мен орныма барып отырғанда:
- Мұқият қара, Байжанов, - деп физиканы маған басынан бастап түсіндіре бастадың. Ал мен сенің еңбегіңді бағалап, мұқият тыңдап отырдым...