Еріншектік, жалқаулық- өмірдегі ауырлық!

Еріншектік, жалқаулық- өмірдегі ауырлық!
жеке
блог

Еріншектік... Сенің жан дүниеңдегі ең ақылды, қу адам!  Алғашында "Еріншектік" сенімен айырылмас дос болып алады. Ең қызығы, ол адам саған қатты ұнайды... Себебі, оның берген кеңесі істеуге ыңғайлы, жағымды әрекеттер! Әрине, пайдасы мүлдем жоқ!

Жан дүниеңдегі "Еріншектікті" өлтіріп, көзін жою мүмкін емес. Егер мүмкін болған жағдайдың өзінде ғаламшарымызда жұмыссыз, кедей, кезбе  адамдар болмас еді. Тек оның әрбір келген кеңесін тыңдамай, түртіп жіберсеңіз болды! Құттықтаймын! Сіз нағыз еңбекқор, табысты жанның бірісіз!

Менің тұспалдап отырған ойымды түсінген боларсыз...