ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫ ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

мүшелері аудандық мәслихат депутаты Бақдаулет Құрманбекұлы Джумабеков және партия ардагері Қоштыбайұлы Бектас Берген ауылының тұрғындарымен кездесті. Б.Қоштыбайұлы Жолдауда айтылған міндеттер мен берілген тапсырмалар әсіресе әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас болатындығына және бала күтімі үшін төленетін төлемді 1,5 жасқа дейін ұзарту, Ұлттық қордағы қаржының 50%-ы 18 жасқа дейінгі балалардың есепшотына аудару тапсырмасы берілгендігіне аналар ерекше қуанатындығын айтты. Себебі, мұның бәрі халыққа жасалып отырған үлкен қолдау. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы мазмұны жағынан бұрынғылардан ерекше. Жолдауда нақты міндеттер мен мақсаттар белгіленді. Яғни, ең алдымен құжатта адам мен оның мүддесіне басымдық берілген. Демек, Жолдау бәрінен бұрын қарапайым азаматтардың мүддесін көздейді. Атап айтқанда, құжатта басты талап ретінде халықтың табысына маңыз берілді. Ең төменгі жалақының 70 мың болып артатынына да ризашылық танытып отыр. Түптеп келгенде, бұл Жолдауда қарапайым азаматтардың жағдайын жақсарту жайы қарастырылған. Жиын қорытындысы бойынша халықты ел бірлігін нығайтып, Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыруда аянбай еңбек етуге шақырды.



Бөлісу: