Дос деген кім?
блог
Достық
Достық- екі адам арасындағы ортақ ойларымен, ұқсастықпен байланысқан өмірдегі бір қасиет. Дос болу- қиын да емес, оңай да емес. Қазіргі адамдар көп ақшаға беріліп кеткеннен кейін шынайы, адал досты табу қиын. Егер мен: "Сізді бір досыңыз алдап немесе өтірік айтқан жағдайлар болды ма?" десем, көп адамдар "Иә, сондай жағдайлар болған" деп айтады. "Бірақ, қалай шынайы досты табу керек?" "Арам дос пен адал досты қалай ажыратады" деген сұрақтар туындайды. Мен саған адал досқа сипаттама бергім келеді.
Адал дос:
- Ол кез келген уақытта саған көмектесуге дайын тұрады. Қиын уақытта жанында болады;
- Ол саған сенің қателіктерінді айтады. Түзеуге көмектеседі;
- Ол сені ылғи жақсы шыраймен қарсы алады. (Сенде жақсы қарсы ал);
- Ол сенімен бірге әрдайым дос болғысы келеді. Сені тастап кету туралы ойламайды;
- Сені өзінен жоғары санамайды. Екеулеріңді бірдей деп санайды;
- Егер сен жылап немесе қиындыққа ұшырасаң, ол сенің жаныңнан табылып, жұбатады. Егер саған біреу тиісіп, дөрекі сөйлесе, ол сені қорғайды;
- Ол сені ешқашан алдамайды, сатпайды;
Бірақ жақсы, адал достардың бәрі осындай болу тиіс емес. Егер сен шын жүрекпен ол адал дос екенің сезсең, ол шыныменде шынайы дос. Ал енді, мен саған тек қана сәттілік тілей алам!
Бұл тек қана менің жеке пікірім.
Жүрегіңізде қатты сақтап қалмаңыз!