Дос болам десең....
блог
Дос деген тылсым дүние, екі жан арасындағы адалдық пен сенімінің көрінісі. Қазақ халқымыз оны көбіне,,бауырым"деп есептейді.
Көп таныстың ортасында күліп ойнағанға, думандатқанға не жетсін. Әйткенменде басыңа іс түскенде қасыңнан демеу болмаса, өмірден ұтқан жетістігіңе пәк ниетпен қуана алмаса немесе жаныңа қаяу салған қасіретіңді (шеріңді) емін еркін тарқата алмасаң. Алайда бұл жалғанда керемет достықтың көріністері аз емес.Оның нышаны:ертегідегі Асан мен Үсен, Керқұла мен Кендебай,қазақ әдебиетінің көрнекті оқиғасындағы Құлагер мен Ақан, Бөкей ордасының айбынды басшылары Исатай мен Махамбет, Алғашқы қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібек туыстық қатынаспен қатар өзара достық қарым-қатынас орната білген.Сонымен қатар адам баласы тек адаммен дос болсын деген заңдылық жоқ,менің ойымша.Соның есебінен тарихта ғана емес жалпы өмірде адам мен жануардың,болмаса туған жер арасындағы керемет байланысты орнатуға болады.
Тіпті біздің зиялыларымыздың жазып қалдырған өсиеттері мен мұраларында достық тақырыптары ерекше қозғалыс алады.
Менің есептеуімше қазіргі Қазақстанның да өзге ұлт өкілдерімен өзара татулығы, қолдауы мен демеуі достықтың көрінісі, бұл мені қуантады.Және де жалғыз көк байрақтың астында 140-тан астам өзге халықтар тату-тәттіде бейбіт өмір сүріп жатыр.Осының өзі біздің қай заманда болмасын басқа жандарға достық ниетімізбен көңілімізді дұрыс қалыптастыра білгеніміздің айқын дәлелі.Бізден пана тілеген әр адамға құшағымызды жайып,достық ниетпен қабылдауымыздың өзі тектілігіміздің үлкен шыңы.
Тағдырыңның күңіренген күндерінде шалыс қадам басқа уақытыңда,қанаттың қайырылып жігерің таусылғанда,үмітің үзілгенде сені демеп аяғыңа нық тұрғызатын адамның бірден бірі-досың.Дей тұрғанмен өмірімізде әлі талай адамдар жолығады, кейбіреулер тұрақтаса енді бірі өз жолдарымен кете береді.Неге дейсіз бе? Өйткені бұл-тағдыр деп аталатын қызығы мен қайғысы қатар жүретін оқиға желісі іспетті.
Айтады ғой,,сен маған досыңды көрсет, мен саған кім екеніңді айтып беремін"деп.Менің сараптауымша мұның мәні,біз айналамызды қандай адамдармен қоршасақ, өмірірімізде сол адамдардікіндей бола бастайды, яғни біздің бойымызға қалыптасатын әдет, дағдыларды сол жандардан сіңіре бастаймыз.Сенің мінез-құлқыңды, қызығушылығыңды,өмірлік көзқарасыңды өзгертеін,таңдауыңа әсер ететін 50% сен болсаң, 50% ол сенің күнделікті уақытыңды бірге өткізетін, сырласатын, әңгіме алмасатын қасыңдағы жолдастарың. Сол себепті де бізді қоршаған ортамызды да дұрыс таңдай білу өте маңызды.
Мен өмірден өз орнымды таптым деп айта алмаймын, алайда шынайы дос таптым деп мақтанышпен айта аламын.Соған сәйкес өмірімен ойып орын алған елеулі оқиғамды баяндайын,бұл туралы көп айта бермеймін негізі,бірақ бүгін сіздермен бөлісетін уақыт келді.
Мен 2016 жылы Есеболатов мектебінен Сәтбаев мектебіне ауысқан болатынмын.Ең алғаш жаңа сыныбымды көргенде, бір қоңырқай тартқан,көздері де қою қоңыр,жүзі жылы күлім тартқан бір кішкентай қыз көзіме оттай басылды.Есімі Гүлдерай еді.Мінезі атына сай болып шықты, мені бірден жақын тартып жылы қабылдады.Күндер өткен сайын бір бірімізге деген сеніміміз артып,көмек қолын созып жүріп, өте жақын жандар болып кеттік.Міне арада алты жыл өтіпті бір бірімізге деген жылу ешқашан сөнбейді деген ниеттемін.Шынымды айтайын жанымды түсінетін адамның барына, мені тек алдыға тартатын өзіңнің барыңа ризамын.Алдағы уақытта мақсаттарымызға бірге жетеміз.
Нағыз достың сирек кездесетіні өкінішті әрине.Бірақ соған қарамастан, қамшының сабындай қысқа өмірде сенімді дос таба білудің өзі үлкен жетістік!
Дайындаған:Тілектес Аяжан