Бізден сізге кеңес!
блог
Қымбатты оқырман!
Бізден сізге кеңес айдарында сізге “топ 3”психологиялық мультфильмдер ұсынамыз. Душа(адамның ішкі жаны) мультфильмі адамдарды ерекше әсерге бөлейді.Бұл мультфильмнің басты мақсаты өмірге ерекше көзбен қарап, өмір сүріп жатқан әр сәттің бағасына жете білу, О’ дүние мен қазіргі өмірдің шарықтау шегі суреттеледі.Шыныменде адам болғасын күйбең тіршілікпен айналамызда болып жатқан дүниелерге назар салмай, тек қана өз мәселемізді басты назарға қойып аламыз. Жанымыздағы адамдарға жүрекке тиер ащы сөздермен жаралап, көңіл бөлмей уақыттың қадіріне жете алмай, бағаламаймыз. Сюжет желісі бойынша кейіпкер өмірде егер керемет джаз-клубта ән айтсам, мақсатыма жетемін деп сол үшін өмір бойы тырысады.Бірақ сол мақсатына жеткенде ғана өз өмірінің мәнін түсініп, сюжет желісі бойынша қателігін өзгертуге жол іздейді. Өмірдегі өзінің дарынын іздеумен айналысып жүріп , қарапайым табиғаттың сұлулығымен жәй ғана өмірден ләззат алуға болатынын түсінеді. Сізге көруге кеңес береміз жаңаша бір эмоциямен өмірге деген көзқарасыңызды өзгертеді.
Келесі кезекте Головоломка (басқатырғыш) мультфилімін сіздің назарыңызға ұсынамыз. Головомка адамның ішкі эмоцияларын көрсетеді. Қайғы, ашу, қорқыныш, жиіркеніш және де қуаныш осы эмоциялар әрқайсымызда болсын кездеседі. Мультфильм сюжеті бойынша, осы эмоциялар адамды басқарып, түйсігіміздің тұрғындары іспетті. Кейіпкер кішкентай қызға осы эмоциялар барынша көмек көрсетіп, өміріндегі жаңаша өзгерістерді қабылдауға үйретеді. Десек те, өміріндегі үлкен өзгеріс арқасында эмоциялар өзінше әркелкі шешім қабылдап,бірлігі бұзылады. Әрі қарай эмоциялар болып жатқан қиындар шешімін іздеп, адам өміріне қуаныш пен қайғынаң бар эмоцияның бірге біркелкі болатынан дәледейді. Мультфильм қызықты әрі қабылдауға жеңіл.
Және соңғы әрі қысқаметражды мультфильмді ұсынамыз. Арманға апарар жол( один маленький шаг к мечте). Луна есімді қыздың бала кезінен арманы ғарышқа айға қону болатын. Өмір бойы сол үшін тырысады. Бала күнінен әкесінің жанында еркелеп өсіп ер жетеді.Бірақ ер жеткесін әкесінен алыстап арманын орындау үшін білімді басты назарда ұстайды. Әкесі қызымен бар уақытын өткізіп, оның еркелігін көтереді.Бірақ әкесі өмірден озғанан кейін әкесінің қадіріне жетеді. Әкесінің шексіз махаббатымен,қамқорлығын түсінеді. Қысқа оқиға болсада өмірдегі ата-ананың орыны еш нәрсемен алмастыруға келмейтінін және баласына деген шексіз махаббаты ерекше болатыны суретелген. Мақсаттың айқын болса ғана армандар орындалады. Арманыңа жету сенің өз қолында.Әкенің орны қыз бала үшін әрқашанда жоғары екенін сюжет желісі бойынша байқауға болады. Қымбатты оқырман, сіздердің көңілдеріңізден шығып, өз бағаларыңызды бересіздер деп ойлаймыз. Міндетті түрде кері байланыс күтеміз!