Біз кімбіз?

Біз кімбіз?
жеке
блог

Жер шары пайда болған кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейін сан мәрте өзгеріске ұшырағаны баршамызға мәлім. Осындай ғажап, кең ғаламда тіршілік етіп жүрген қаншама тіршілік иелері бар. Бірі сонау алғашқы жер, су атаулы пайда бола бастаған кезеңнен бастап өмір сүрсе, бірі күні-кеше ғана пайда болған табиғат туындысы.  Ал адамдар кімдер, олар қалай жаратылды?

Адамдардың пайда болуы туралы ғылыми зерттеулер де аз емес. Бірі жер пайда болғаннан кейін алғашқы қауымдық құрылыс кезінде маймылдан жаратылды десе, бірі діни тұрғыда қарастырып Алла адамды топырақтан жаратты деседі. Қай жағынан алып қараса да дұрыс секілді, қайсының дұрыс, қайсының бұрыс екені әлі күнге дейін беймәлім. Адамзатты осы әлемге ие болсын деген ниетпен жаратты деседі. Расында да, бүгінгі таңда оның билеуші рөлі біршама арта түскен секілді, өйткені адамдар қалағанына қол тигізіп табиғаттың ғажабын меншігіне айналдыруда. Алайда, табиғат ұлы күштің иесі, ол ешкімнің ырқына бағынбайды. Қаласа, бір сәтте-ақ адамзатты отқа өртеп, сумен шайып немесе басқа да табиғи апаттарды туғызады. Олай болса, адамдар өзге тіршілік иелерінен несімен ерекшеленеді?

Ең алдымен, адамдардың миы, ойлау қабілеті өзге тіршілік иелерімен салыстырмалы түрде өте жақсы дамыған. Өйткені, адамдар қандай саланы болмасын меңгеріп келеді. Тіпті, әлемді өзгерткен де адамдар деседі, себебі бірнеше ғасырлардан бері адамның миы көптеген уақыттан өтіп дамыды. Оның бірден-бір көрінісі ретінде, электрлі толқындардың көмегімен жаңа технологиялардың пайда болуы, адам өмірін жақсартуға арналған құралдардың шығуы. Бірақ, адамдар өзіне берілген күшті асыра сілтеп әлемнің билеушісі сезінуінің салдарынан, жер күннен - күнге құрдымға кетіп бара жатқандай. Сонда біз кімбіз, әлемнің билеушісі ме әлде тіршілік иелерінің бірі ме?!

Екіншіден, сезім қабілеттерінің дамуы. Жануарларда сезім мүшесі адамдардікімен бірдей, тіпті артық десек те болады. Бірақ, өзге тіршілік иелерінде сезім, махаббат туралы түсініктің жоқтығы рас. Адамды өзгелерден ерекшенлейтіні де осы. Біздер үшін өмірдің мәні махаббаттан тұрады. Себебі, әлемді, ананы, жаныңа жақын адамды сүю сезімі бар. Олай болса, неліктен адамдар өзге түгіл өзінің жақынын да бір сәт ойламастан ашу ызаға беріліп өмірін қия салады. Күнделікті өмірге тікелей қарасақ адамдар жауызға айналып барады ма дейсің... Сонда күйбең тіршілік үшін күресіп бір-бірін өлтіріп жатқан жануарлардан, жүрегі бар адамдардың айырмашылығы не?!

Ғалам адамзат пайда болмас бұрын да өз тіршілігін жалғастыра білген. Ал, адам пайда болғаннан кейін, ол одан тез өзгере түсті, оны ғасырлар қойнауындағы сонау алғашқы кезеңдермен салыстыру да мүмкін емес. Адамзаттың өз өміріне қолайлы ортаны туғызуы ғалам үшін қолайлы ма?! Адамдар кімдер, ғаламды жоюшы ма, әлде ғажайып па?! Біз кімбіз?