Бұқаралық ақпарат құралдары туралы

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы
жеке
блог

Дүние жүзінде жаһандану дәуірі XXI ғасырда орын алды. Көптеген ірілі-ұсақты мемлекет өз алдына тәуелсіздігін алып, жаңа ғасырдың есігін жаңа леппен ашты. Міне, сол мемлекеттердің қатарында біздің азат еліміз Қазақстан да бар. Бұл жаңа дәуір ғасыры бүкіл әлемді жаһандану дәуіріне алып келді, барлық ел даму жолында білім аясын кеңейтуде. Түрлі технологиялар, түрлі жаңа ғасырлық топтамалар жарық көруде. Осындай ұтымды жаңалықтар көбейген сайын БАҚ қызметтерінің ауқымы кеңейе түскенін айта кеткен жөн. Жаңалықтың жаршысына айналып, елінің даму сәтін халыққа барынша жеткізу жолында БАҚ өкілдері аянбай еңбек етті.   

Бұқаралық ақпараттық құралдар – қоғамдық сананы қалыптастыруда маңызы зор құбылыс. Біз БАҚ арқылы қоғамда болып жатқан жағдаяттармен таныса аламыз. Осыған қарап-ақ билік пен халық арасындағы алтын көпір ретінде Бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерді атап айта көрсетуге болады. Журналист болу – бұл бұқараның көз алдында жүру боп саналады. БАҚ болмаған жағдайда, журналистика деп аталатын мамандық та болмас еді, қара халық билік басында, сондай-ақ қоғамда болып жатқан жағдайлардан хабарсыз болатын еді. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етуге БАҚ-тың рөлі өте маңызды. Әлемге әйгілі Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 

Бұл танымал тұлғаның берген пікіріне қарап-ақ БАҚ-та қоғамға ықпал ететіндей күш бар екенін аңғарамыз. БАҚ ең алдымен әлеуметтендірушілік қызметті атақарады. Бұл қызметсіз БАҚ-ты елестету әсте мүмкін емес. Қоғамда өмір сүріп жатқан күллі адамзат білімнің басым бөлігін осы БАҚ арқылы алады. Себебі белгілі бір ақпаратты біз Масс-меди, яғни газет-журнал, теледидар, ғаламтор арқылы алып жүрміз. Медиа арқылы адамдарды біріктіру оңай боп саналады. Жазушы О. Бальзак БАҚ өкілдерін «Бейресми төртінші билік» деп айтқан. Демек, қоғамды журналистерсіз елестету мүмкін емес.

Жер жүзінде орын алған «Covid-19» пандемиясы кезінде БАҚ өкілдерінің ерен еңбегі ерекше айқын көрінді. Осынау қиын кезеңде қауіпті нүктелерде жүріп, халықты шұғыл түрде ақпаратпен қамтамасыз етті. Өз басының қамын емес, халықтың халін ойлап БАҚ өкілдері әрқашан ізденісте жүрді. Бұл қоғамға БАҚ өкілдерінің қажет екендігінің айқын дәлелі.

P.S.Қорыта айтсам, қоғам Бұқаралық ақпарат құралдарына, ал БАҚ қоғамға тәуелді.