БҮГІНГІ КҮН - ЕРТЕҢГІ ТАРИХ
блог
Қазақстанның тарихы өте тереңде жатыр.
Өз еліңнің, туған жеріңнің тарихын білмесең, ешқашан болашаққа, келешекке қадам баса алмайсың.
Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір. Туған жерді сүю, оны қорғау туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев қарапайым сөзбен түсіндірді: «Отанды қорғау дегенде, әрине, адам баласы өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді, шешеңді, бауырларыңды, балаларыңды, немерелеріңді ойлайсың. Сол жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсын. Сондықтан тарихыңды білген жөн. Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр».
Мемлекет басшысы «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» атты Жолдауында да Отанды сүю, бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесімізді қосып, кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау жайлы ой қозғайды. Соның бір айғағы ретінде Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерейтойын кең көлемде атап өту шарасын айтуға болады. Сонау көне тарихты зерттеп, зерделеп, оны халыққа жеткізуде бұл шараның маңызы зор. Елбасы айтқандай, өз тарихын білмеген халық өзін де сыйламайды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін алды. Егемендік жылдарында Елбасымыздың дана басшылығымен ғасырға бергісіз даму жолынан өтті. Қазақстан әлем таныған, дүние жүзінің ең беделді мемлекеттері санасатын қуатты елге айналды. Елбасы айтқандай, қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналды. Ендігі ұрпақ мәңгілік қазақтың перзенті. Қазақ елінің ұлттық идеясы Мәңгілік ел. Осы идеяны жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету әрбір жастың азаматтық борышы. Иә, атамекеніне деген сүйіспеншілік алауы мен перзенттік сезімі нағыз батырды қан майданға, жер қорғауға аттандырар болса, нағыз ақынды жырлататын да осы күш. Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезімдерін өлеңге қосып, өз өлкесінің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған ақын кемде-кем.
Тарихымызды ұмытпайық қадірлі де, асқақты жастар. Осы күнде ауа жұтып күліп-ойнап жүргеніміз ардақты ардагерлерімізді арқасы.
Ардагерлерімізді тек «Жеңіс күнінде» ғана есімізге алмай, Алла берген әрбір күнінде сыйлап, құрметтейік. Жылдан-жылға ардагерлеріміздің саны азайып бара жатыр. Қалған ардагерлердің уақыттары да таяп келеді. Кейін өкініп қалмайтындай бүгіннен бастап, дәл қазір сүйікті ата-апаларымызды, ардагер аталарымызды құшақтап сүйіп, жақсы көретінімізді айтып, қастерлейік.
Адам өз тарихын билмей, ұлт болып калыптаса алмайды, ал тарихын билмеу надандық!