"Брайан Трейсидің мақсатқа жету құпиясы"

Брайан Трейси - психология саласындағы әлемдік сарапшы.Трейси кедей отбасында дүниеге келді.Соған қарамастан ол қазір әлемдегі ең  бай адамдардың қатарында.Оның себебі неде?
Егер сіз Брайан Трейси секілді жетістікке жеткіңіз келсе,онда оның кеңестерін әрқашан жадыңызда ұстаңыз! 1. Сен өзіңнің ойлау жүйеңді өзгертсең, өміріңді өзгертесің. 2.Ешкім сенен мықты емес. Сенен ешкім ақылды емес. Тек олар сенен бұрын бастаған. 3.Егер сен басқа табысты адамдар секілді жасайтын болсаң, сен сол табысты адамдар қол жеткізген нәтижелерге ғана қол жеткізесің. 4.21 ғасырда үздіксіз білім алу табысты болудың кепілі. Өмір бойы оқу - сені табысқа жетелейтін алғашқы баспалдақтардың бірі болып табылады. 5.Сенің ғажайып миың - сені кедейліктен байлыққа дейін жеткізеді, сені бір адамнан екінші бір сүйікті адамға айналдырады, депрессиядан шығып, оны дұрыс пайдалансаң, бақытты және қуанышты өмір сүруіңе көмек береді. 6.Сендегі ең басты қазына - сенің ішкі жан-дүниеңдегі бейбітшілік! 7. Сен өзіңе-өзің ұнасаң, сен өз- өзіңді құрметтесең, басқаларды да соғұрлым құрметтейтін боласың, соғұрлым олар сені де жақсы көреді және құрметтейді. 8.Сен өз өміріңді жағымсыз адамдардан құтқарып, саған сенетін, шабыттандыратын адамдармен қоршауға тиістісің. Егер сен теріс адамдармен қоршалған болсаң, мен саған бір нәрсе үйретсем де сен оны жасай алмайсың.  9.Сенің жетістігің   -   сенің уақыт өте келе қалыптастыратын әдеттеріңе байланысты. 10.Мақсаттарыңның орындалу мерзімін белгілеу -  сенің  ақыл-ойыңды белсендендіреді және сенің дұрыс шешім қабылдай алуыңды  күшейтеді. 11.Әр түнде алда болатын жұмыс күніне арналған істердің тізімін жасаңыз. Алдымен бүгін бітпей қалған істерді тізімге қосыңыз. 12.Әр түні ұйқыға кетер алдында, ертеңгі күнгі керемет жағдайды елестетіңіз.


Бөлісу: