Бір жарық еткен найзағай

Адамның өмірге келіп,дүниенің есігін ашудың өзі бір жарық. Жарық дүниені көріп,қолыңмен ұстап,мұрныңмен иіскеп,құлағыңмен естіп көресің. Тай-тай басып,алғаш қадам жасағаның,ең үлкен қуаныш. Мектепке барып,білім алып,тəлім-тəрбиені меңгеріп,мектепті бітіреміз. Жоғары оқу орнына түсіп,мамандығымызды алып шығамыз. Отау құрып,шаңырақ көтереміз. Міне,балалық шақтың бір жарық жұлдызы сөнді. Балалы болып,жас кезімізде алған білімімізді ұрпағымызға үйретіп, иманды ұл мен қызды тəрбиелесек дейміз. Жұмыс жасап,отбасымызды асырап,еңбек етеміз. Сөйтіп, жастық шақтың бір жарық жұлдызы да сөнді. 

Жасарымызды жасап,ел ағасы жасқа жетеміз. Жіберген осы уақытқа дейінгі қателіктерімізді,келешек ұрпақ қайталамасын деп,келешек жастарға өсиет айтып отырамыз. Адам мəңгі өмір сүрмейді. Пешенемізге Алла жазған уақытымыз бар. Алла бұйрығына бағынып,бұл дүниені кейінгі ұрпаққа тастап,мəңгі оралмайтын жаққа бет алып кетеміз. Сонымен,қарттық шақтағы жұлдызымыз сөнді. Бірақ алдымызда жұлдызы ешқашан сөнбейтін бір жарық бар. Ол-Жəннəт. Алайда бұл дүниеде бəрінің есінде "Əй,жарықтық" деген есіммен қаламыз. 

Өмір деген "Бір жарық еткен найзағай".                                                                                      



Бөлісу: