..."Бәрі бітті" деп түңілген кезімде үміт сәулесі жарқ етті.Мен өз-өзіме "Альмира, саған не болған? Бұрын мұндай емес едің.Көзіңнен үміт oты ешқашан сөнбейтін, жарқылдаған жан едің.Бұның не?"-деген сұрақ қойдым.Сөйттімде, ауылда маған сенім артып, үмітімізді ақтайды деп сеніп отырған ата-анам мен бауырларымды ойладым.Тұруға ешқандай шамам болмаса да, бойымдағы күш-жігерімді жинақтап алға қарай ұмтылдым.Құласам да, жығылсам да намысқа тырысып бақтым.Себебі, мен Алланың жіберген сынағына төзе алмай, өмірден түңіліп, өзіне-өзі қол жұмсайтын "ақымақтардың" қатарынан емеспін.Мен кез-келген сынаққа қарсы тұра алатындай күш қайратты бойыма жинап алға баса бердім.Ертеңгі күнімнің жарқын боларына сөзсіз сеніммен қарадым.Себебі, менің өмірлік ұстанымым: "Үміт оты ең соңында өледі.Үмітсіз-шайтан"- деген анамның айтқан асыл сөздері еді. Өз-өзіме келіп алған соң оқу орныма қайта бардым.Алайда ол жерде мені :"Альмира, келе ғой"-деп құшағын жайып, күтіп отырған ешкім жоқ еді.Дегенмен, оғанда көндім.Оқуға қабылдамады.Келесі жылы кел.Міндетті түрде қабылдаймыз деді.Ата анамнан жасырғаным болмас деп анама қоңырау шалдым.Ана жүрегі қашанда баласы дегенде елжіреп қоя бермей ме? Маған дүрсе қойып, ұрса жөнелудің орнына еңкілдеп жылап "әкем, көкем" деумен болды.Мен ауылға қайтуға бекінгенімді айтып едім.Алайда әкемнің қарсылығымен қалада қалып жұмыс жасадым.Қандай болсада жасай бердім.Себебі жақсы жұмысты таңдап жүретін менде таңдау болдыма?
Келесі жылы оқуға түсіп,жақсы аяқтап шықтым.Жақсы жұмыс ,жақсы жар кезіктірдім. Аллаға мың да бір шүкір.Күйеуімнің жаман әдеттері жоқ, Аллаға үнемі құлшылық қылатын, адал, ақкөңіл, асыл жан.Мен онымен және балдай тәтті балаларыммен бірге бақыттымын.Барлық қыздарға, бойжеткендерге соны тілеймін.Енді күнделік жазбаймын.Себебі менің оданда басқа тірліктерім бар.Әрине, ол алтындай балаларым.
Құрметті қыздар қандай жағдай болса да беріспеңдер.Болмашы қиындыққа бола өмірден түңілудің қажеті жоқ.Армандарыңа жету жолында шындап күресіндер.Бәріңе сәттілік!
Шығарма шынайы оқиға негізделмеген.