Бойжеткеннің күнделігі -3

   «Күндер артынан күн өтті, айлар артынан ай өтті.Өмірім жаймен өте берді.Біраз уақыт өтіп мен үлкен қалаға, жаңа ортаға, айналамдағы адамдарға әбден үйреніп алдым.Басымнан өткен жағдайлардың бәрін ұмытып кеттім.Сол күндерді есіме алсам, қазір күлкім келеді. «Басы ащы болса, аяғы тәтті болады» демей ме?! Бәрінің жақсы болатынына, бақытты күндердің әлі алда екеніне сеніммен қарадым.Бұлай өз өзімді сенімді ұстауыма себеп болған бір жан бар еді.Ол біздің университеттегі барлық қыздың арманы, сымбатты жігіт Сержан еді.Екеуміз танысқан күннен бастап жақын араласып кеттік.Ол мені жыласам жұбататын, қиналғанда қасымнан табылатын.Менің ешқашан дәл Сержандай досым болмаған.Екеуміз біраз уақыт достар ретінде араластық.Бірақ, достықтың соңы тәтті махабатқа ұласып, сезім ұшқыны пайда болды.Университеттегі қыздардың бәрі бізге қызыға да, қызғана да қарайтын.Екеуміз бүгінгі күннің Қозысы мен Баянындай, жұбымыз жазылмай қатар жүрдік.Бақыттан басым айналып, бал сезімнің буына балқып жүре бердім.Ал қазір ...

   ...Ал қазір ол туралы мүлдем еске алғым келмейді.Себебі де бар.Мен құлпынай қосылған торт жегенді ұнатамын.Оны Сержанда біледі.Ең алғаш менің туған күнімде сыйлаған еді.Сондай бақытты кезім.Тортты тіле бергенімде ішінен бағалы тасы бар сақина шықты.Қуаныштан жылып жібердім.Сержанның мойнына асылып, алғыс білдірдім.Екеуміз күні бойы қыдырдық.Үйге қайтар көлік таппай     ақ жауынның астында үйге дейін жаяу жүріп кеттік.Жаурағанымыз есте жоқ.Бастысы екеуміз біргеміз.

    Бір кезде жаңбыр нөсерлетіп қатты жауып кетті, екеуміз бір ғимаратқа келдік.Іші жап жарық, адамдар өте көп.Сержан бұл жерге жиі келетінін,  қожайынының өте жақсы жан екенін айтты.Мені де ол кісімен таныстырды.Басында тәп-тәуір жомарт жан көрінгенімен ішіне жасырған сырын білмедім.Екеуміз күн сайын сол жерге барып «жанымызды тазартамыз».Жоқ-жітікке деп ақша қалдырамыз.Сөйтіп жүріп кей сабақтарымды жіберіп алдым.Түнімен сол адамдардың әңгімелерін тыңдап, таң ата төсекке сылқ құлаймын.Ал Сержанды көп кездестіре бермейтін болдым.Арасында телефонмен сөйлесетініміз болмаса мүлде араласпай кеттік.Не боп кеткенін өзімде түсінбей қалдым.Еш себепсіз....

      Әлгі адамдарға күнде қайырымдылыққа ақша беріп жүрдім,кейде біреуден қарызға ақша алып апарып беретін едім.Адамдарға жақсылық жасаймын деп жүріп от басыппын.Оқудан да шықтым, талай адамға қарыз болдым.Үйім де жоқ.Бір ақ күнде далада тентіреп қалдым.Енді мүлдем өмір сүргім келмей,өмірден түңілген сәтімде.....»

Жалғысы бар...



Бөлісу: