Бойжеткеннің күнделігі-2

  «Оқушы күнімде еш қиындық көрмей өскенімді енді түсінгендеймін.Күнделікті сабаққа барып-келіп,қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысып жайбарақат күн кешіппін.Бірақ сол күндердің өзінде мені сыртымнан өсектеп,көре алмайтындарды да өзіме дос санадым.                                                

    Мектепті үздік бітіріп шықтым.Ұстаздарым мені «Сендей алтын оқушыдан айырылу бізге оңай соғып тұрған жоқ.Қайда жүрсеңде аман боп тұршы жарығым»-деп туған ата-анамдай шығарып салды. «Үлкен өмірге қадам басасың ғой» деген сөзді жиі естідім.Бірақ көп мән бермедім.Үлкен қалаға келгеннен соң олардың неге олай айтқанын түсіне бастадым.(Қорқатын түгі де жоқ,мектеп сияқты ғой ЖОО-да деп ойлайтын боларсыздар.Әңгіме ода емес,менің сенгіштігімде болып тұрғой)                                        

  Сөйтіп,қалаға келдім.Бірінші күннің өзі мен үшін сәтсіз басталды.Баратын туысымның үйі де жоқ.Жапан далада жалғыз қалғандай сезіндім өзімді.                                                                                Қоғамдық көлікте «Қарындас,отырыңыз» деген сымбатты жігіттің сөзінен селк еттім.Қалың ойда тұр едім.Сол баяғы оқу жайы ғой.Алғысымды айтып отыра бергенімде қалтамнан әмиянымды суырып алса керек.Жол ақысын өтер кезде бір-ақ білдім.Бірақ студент екенімді айтып,үйтіп-бүйтіп бір күнге қарызымды кешіруін сұрадым. «Ашықауыз» деп айқай салып автобустан түйіп-түйіп түсіріп жіберді.Жылайын десем көзімнен бір тамшы жас шықпай қиналып кеттім.Не істерімді білмей ақырындап қана университетке аяқ бастым.Курстастарымның жүріс-тұрысы мен киім киістерін өзімдікімен салыстырып көрдім де кірерге тесік таппай,қатты ұялдым.Мені хатшы қыз деп ойлаған ау, бір жігіт «Сәлеметсіз бе!» деген кезде залдағы ду күлкіден құлағым тұнып қалды.»

Жалғасы бар ...



Бөлісу: