Бейсекеңнің қолтаңбасы

Бейсекеңнің қолтаңбасы
жеке
блог

Әр адамның өзіндік қолтаңбасы болады.Мейлі ол танымал адам болсын,мейлі қарапайым адам болсын. “Қолтаңба автор мен оқырманның берік байланысын, көзқарас мұраттарын, сабақтастық сырларын айқындайтын алтын арқау”,-деп бекер айтылмаса керек.

Қазақ ақындарымен жазушыларының,беделді қоғам қайраткерлірінің бәрінің дерлік өзіндік қолтаңбалары бар.Ақын-жазушылардың шығармасын біз олардың қолтаңбасы деп атаймыз.Мен осы орайда жүйрік  журналист,белгілі қоғам қайраткері,танымал тележүргізуші,ұлтының аяулы ұлы Бейсен Құранбек ағамыздың қолтаңбасын айта кетсем.Бейсен ағамыз  өзінің ерекше стильімен,болмысымен және “Қарекет”, “Айтуға оңай”сынды тележобаларымен журналистиканың  дамуына үлес қосып қана қоймай,қазақ журналистикасында өзіндік жеке қолтаңбасын қалдырды.Бейсен ағамызды танымайтын қазақ жоқтың қасы. “Айтуға оңай ”десе есімізге бірден Бейсен аға түссе,Бейсен аға десек Жетісу телеарнасымен “Айтуға оңай” бағдарламасы түседі. Осы бағдарламарының арқасында қаншама қазақстандыққа көмек көрсетіп,арамызда жүрген қаншама талантты Қазақ еліне танымал етті.Жерлестерінің қуанышы мен қайғысын өз қуанышымен қайғысынан артық көрмесе кем көрмеді.Жүрегі ақ,пейілі таза,ақкөңіл,адалдыққты аппақ туы етіп,әлсіздердің қорғаны бола білді,тележобаға қайғырып келіп,қуанып қайтқан адамдар көп еді.Міне осы қасиеттері қарапайым Бейсенді халқының мақтан тұтар азаматы,журналистердің ұстазы Бейсен Құранбек етті. Тек қана “Айтуға оңай”алаңында ғана емес,қай жерде жүрседе ащы шындықты айтып,әділет іздеп,әділетті жолмен жүрді.Қамшының сабындай  ғана қысқа өмір елім деп еңіреген азамматты ортамыздан ерте алып кетті.Журналист ретінде де,адам ретінде де үйренгеніміз бар әрине,дегенмен,үйренгенімізден  үйренетініміз көп еді.Бейсен ағамыздың өзгелер үлгі тұтарлықтай өмір сүріп кетті.

Біреу қалып, біреу озған өмірде

Болу керек шын қолтаңбаң сенің де.

Жансын десең ай-жұлдызың жарқырап

Биіктегі түнгі аспаннан төрінде.