Бес баланың анасы...

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылының 1979 жылғы тұрғыны бес баланың әкесін о дүниелік етті. 

Екеуі бас қосқаннан бері күйеуі әйеліне күн көрсетпеген екен. Әрқашан ащы суға тойып алып, үйіне келіп шу шығаратын күйеуі әйелін көптеген ауруларға шалдықтырған. Оны аямай ұрып-соғып,тістерін сындырып, тіпті, қарулармен зәбір көрсеткенін айтып отыр.

Әдеттегідей,үйіне келіп шу шығыра бастаған күйеуі әйелін өлтірмекші болады. Әйелі өз-өзін қорғау мақсатында қолына пышақ алып, күйеуін өлтіріп алады. Сөйтіп, бес баланың анасы бір ай көлемінде темір тордың арғы жағында отырады. 10 жыл көлемінде түрмеге жабамыз деген сот шешіміне келіспеген күәгерлер арқасында Тараз қаласында 8 мәрте сот болып өтті. Соттың нәтижесінде ,әйел адамның кінәсіз екендігі дәлелденіп шығады. 

Ең үлкен баласы 16 жаста болса, кішкентайы 3 жаста. Анасын бір ай бойы көрмеген 3 жасар балапан, темір тордан босап келген анасын танымай, жатырқаған. Ескі суреттерін көрсету арқылы өзін дүниеге әкелген жанды есіне түсіреді.

Қыздарын босатып алу үшін ата-анасы қолдан келгеннің бәрін жасайды. Қолдарында қаражаты, сенер танысы болмаған соң қызын қатты уайымдаған әкесі жүрегі ауырып төсек тартып та қалады. Тіпті, соңғы сот отырысына барар ақшалары да қалмаған кезде халықтың көмегімен бұл қиындықтан шыққанын айтып, барша мейірімді жандарға алғыстарын айтуда.

 

 

 

 

Бұл блокты жазудағы себебім: Құрметті ер-азаматтар, өздеріңізді дүниеге әкелген анаңыздан бастап, барлық әйел затына құрметпен қарауларыңызды сұраймын. Ана- сізді өмірге әкелген жан. Қыз-болашақ ана. Жұбайыңыз- балаларыңыздың анасы.



Бөлісу: