Сіз балықпен жиі тағамданасыз ба ? Егер бұл сұраққа «жок» деп жауап берсеңіз, жақын арада оны рационыңызға қосқан жөн, себебі балықтың адам ағзасы үшін пайдасы зор.
Балық кальций,фосфор,йод және магний тәрізді организмге қажетті элементтерге өте бай. Сонымен қатар, ол жүрек-қантамыр ауруларының, қатерлі ісіктердің алдын алады.Балықтың өзге де пайдалы жақтарын айтып кететін болсақ:
Есте сақтау қабілеті дамып,ақыл-ой дамиды;
Қандағы холестерин мөлшерін азайтады;
Асқорту жүйесін жақсартады;
Бойды өсіруге ықпал етеді;
Көз көруін жақсартады;
Өмір ұзақтығын арттырады;
Зат алмасу процесін нормализдейді;
Терінің,шаштың,тырнақтардың,сүйектердің және тістердің жағдайын жақсартады.
Алайда,әрбір тағамды таңдап алған да жөн.Балық дүкенінде сатушылардың қулығына түспес үшін сапалы балықты сапасыз балықтан айыра білу қажет.Мамандардың айтуы бойынша,ең оңай әдіс - балықты суға толы шелекке салу.Егер балық судың бетінде қалқып жатса, онда балық сапасыз, ал шелектің түбіне батса, балық сапалы болып табылады.
Қолданылған әдебиет:
https://healthy-zone.ru/polza-ryibyi
https://www.youtube.com/watch?v=GGrunS5vISw
Авторлар: Ақберген Абыз
Джурабеков Джанибек
Оңаш Іңкәр
Каракузиев Азамат
Рақым Темірлан