Бақытты балалық шақ
блог
Бақытты болу әр адамның өз қолында. Сол бақыттың бір бөлігі оның балдай тәтті балалық шағы. Әрбір бала өзінің ерекше балалық шағын естен кетпейтіндей, өзіне ұнаған қалпында өткізуі тиіс. Біз Тәуелсіз елде тұрып жатырмыз, оның өзі ең керемет балалық шағымыз болып саналады. Елдігі мен ерлігі жарасқан ортада біздің тәтті шағымыз ешқашан естен кетпейді. Әрбір бала менің ойымша, бақытты болуға міндетті. Сол бақытты болудың негізгі себебі оның ойын күлкімен, білім алумен өткізген күндері. Менің пікірімше, ең жақсы балалық шақ бұл ата-анаңмен болу, өзің ұнататын жандармен болу деп ойлаймын. Осындай білімді елде тәрбиелі де елжанды жастармен,ақылды да данышпан қарияларымызбен тұрып жатқаныма мен өте қуаныштымын және бақыттымын. Бұл менің ең керемет балалық шақтарым болып саналады. Егер сен өзіңнің жаның қалаған іспен ғана айналыссан, сол сәтті бағаласан,сонда ғана сен өзгелерге үлгі бола аласың және өзіңді жақсы сезінесің. Әрбір жанға балалық шағы ерекше сәттерімен айрықша болады. Қазақстан-қайталанбас таң шапағы. Ал менің өз елімде өткізген әрбір күнім өте керемет әрі әсерлі, балғын балалық шағым